«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заңдастырылған мүлік игілігін көрмек

2016 жылғы 11 Мамыр
- Ақмола облысы
8591 просмотров

Ерейментау ауданының фермері өз мүлкін он жыл өткен соң заңдастыруға мүмкіндік алды

Өлеңті ауылының тұрғыны Сахрат Қожанов көптеген жылдар бойы Өлеңті ауылдық округының «Үштаған» отарлық учаскесіндегі мал шаруашылығы базасы мен тұрғын үйін заңдастыра алмай жүрген болатын.

Қысқаша тарихын айтып өтетін болсақ, 1994 жылы «Әлем» шаруа қожалығын құру кезінде Қожановтар отбасы мүліктік үлеспұлы есебінен ауыл шаруашылығы құрылымына техника, мал және жоғарыда көрсетілен жайларды береді.

Шаруашылықты Қожановтардың алдымен әкесі, содан кейін үлкен ағасы басқарды, ол кейіннен агроқұрылымның құрамынан шығып, өзіне тиесілі үлесін алып бөлек шығады. 2009 жылы отағасы қайтыс болады. Бірақ, оған дейін, 2006-2007 жылдары мүлікті заңдастыру жөніндегі екінші науқан кезінде Қожановтар аталған акцияны пайдаланып үлгермеген, соның салдарынан объектілер заңдастырылмаған қалпында қалады.  

Сахрат Қожанов құқықтық мұрагер болғаннан кейін барлық инстанцияларға өтініш береді, алайда, одан нәтиже болмады. Осының кесірінен оның қожалықты дамытуға қатысты асыл тұқымды мал сатып алу үшін агронесие алу, ет бағытындағы ірі қара мал өсіру жоспарларының бәрі күйреді. Қарыз алу үшін кепілдік мүлік қажет, ал Қожановтарда өздері иелік ете алатындай ештеңесі болмады.

Табысқа жетеріне сене қоймаса да, Сахрат Қожанов өз проблемасымен Кәсіпкерлер палатасының Ерейментау аудандық филиалына жүгінеді. Мұнда оған құқықтық қызметтің барлық түрін көрсетіп, қажетті құжаттарды жинауға, сондай-ақ, меншік құқығын тану туралы талап арыз беруге көмектесті.

Қожановтар талап арызды Ерейментау аудандық сотына жолдады, алайда олар бұл инстанцияда оның талаптарын мойындаудан бас тартады. Филиалдың заңгері апелляциялық өтініш құрастырып, өтініш беруші оны Ақмола облыстық сотының апелляциялық алқасына жолдады. Сот көрсетілген айғақтардың бәрін зерттеп шықты, сонымен соттың істі талқылауының нәтижесі бойынша алқа оң шешім шығарды. Ерейментау аудандық сотының бұрынғы шешімі күшін жойды, ал оның орнына жаңа– арызды қанағаттандыру туралы шешім қабылданды.

Сатып алу мерзімінің ескіруіне орай тұрғын үйге және мал шаруашылығы базасына меншік құқықтарының барлығы Сахрат Қожановқа тиесілі деп танылды. Қаулы оны жариялаған күннен бастап заңды күшіне енді.

Қазіргі уақытта кәсіпкер жылжымайтын мүлікке қажетті барлық құжаттарды рәсімдеумен айналысуда, содан кейін ол «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алуға құжат өткізуді жоспарлап отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер