«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарызды қайтару - парыз

2016 жылғы 13 Шілде
- Ақмола облысы
6482 просмотров

Өңірлік палаталар арасындағы өзара әріптестік бизнес субъектілерінің мәселелерін шешуге септесті

Ақмола өңірлік Кәсіпкерлер палатасынан ақтөбелік әріптестері көмек сұрады. Ақтөбедегі «Даулетхан және К» ЖШС шағымы Ақмола облысына қатысты екен. Өйткені, ЖШС Көкшетау қалалық әкімдігіне қарасты «Көкшетау жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының әрекетіне арызданып отыр.  

Биылғы жылдың 11 ақпанында екі жақ мемлекеттік сатып алу бойынша келісім шартқа отырған. «Даулетхан и К» ЖШС келісімшарт бойынша тапсырыс берушіге, яғни Көкшетау қаласы жылу тарату мекемесіне киіз жеткізіп, тапсырыс беруші келісімге сай өнімнің ақысын төлеуі керек еді.

Белгіленген мерзімде (отыз күн ішінде) кәсіпорын «Көкшетау жылу» мекемесіне аталған киізді жеткізіп береді. Ақысын алуға мүдделі еді. Бірақ ақшаны сол күні де, келесі айда да ала алмады. Сонымен киіздің ақысын күту жарты жылға созылған.

ӨКП заңгерлері шағымды қарап болған соң, жұмысқа кірісті. Ең алдымен жылу тарату мекемесіне телефон шалды. Екі жақты әңгіме барысында, жылу тарату мекемесінің өкілдері қаржылық қиындықтарын кесе-көлденең тосты. Бюджетте қаражат жоқ десті. Бірақ мемлекеттік сатып алудың ресми сайтында мекеме коммерциялық тапсырыс беруін доғармаған.

Ресми сұрау салған Палатаның заңгерлері жылу мекемесіне он күннің ішінде қарызды өтесін деп шарт қойды. Екі облыстың арасындағы экономикалық, сауда байланыстар жоғары деңгейде, сондықтан жылу тарату мекемесінің қарыз төлемеу әрекеті осындай іскерлік абыройға нұқсан келтіруі әбден мүмкін. Өйтпеген жағдайда, тапсырыс орындаушы құқық қорғау органдарына шағымданып, соттасуына да болар еді.  

«Көкшетау жылу» мекемесі айтылған мерзімде ақтөбелік кәсіпорынға бар қарызын өтеп берді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер