«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заңнама талаптары түсіндірілді

2016 жылғы 28 Қараша
- Ақмола облысы
4450 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлік палатасы медиатор ретінде екі бизнес субъектісі арасындағы дауды шешуге көмектесті

Кәсіпкерлер палатасының Ақкөл аудандық филиалына жеке кәсіпкер Д.Жанмурзин қызмет көрсету бойынша келісімшарт жасасқан кәсіпорын тарапынан негізсіз талаптар қойылып жатқандығын айтып, шағым түсірді. Оның айтуынша, компания кепілдік міндетті орындамаған деп 800 мың теңге өтемақы талап еткен.  

Палатаның сарапшылары өтінішті жан-жақты қарап, «Жанмурзин» ЖК аталмыш компаниямен ғимараттың сыртын безендіру үшін құрылыс-монтаж жұмыстарына келісімшарт жасағанын анықтады, жұмыс біткен кезде екі тарап арасында қабылдап алу актісі де жасалған. Дегенмен, жұмыс өткізілді деген құжаты қолында тұрса да, компания бір жылдан кейін Д.Жанмурзинге қаржылық талап қойып, наразылық білдірген. 

Мұндай шетін жағдайда не істеген жөн? Палата сарапшылары дөңгелек үстел ұйымдастырып, екі жаққа да қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндірді, қарсы тараптар талаптарды бетпе-бет талқылап, оларды шешу жолдарын қарастырды.

Жақында ӨКП филиалына «Жанмурзин» ЖК-ден Алғыс хат келіп түсті. Ол филиал ұжымына өзінің проблемасын шешуге көмектескені үшін алғыс айтып, ары қарай табысты серіктес болуға ынталы екендігін жеткізген. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер