«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарызың болса, қайтаруға асық

2016 жылғы 20 Желтоқсан
- Ақмола облысы
6707 просмотров

Өңірлік палатаның Кәсіпкерлер құқын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшылары көршілес өңірдегі әріптестеріне бизнесменнің қаржылық құқын қорғауға көмектесті

Қостанай өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары жеке кәсіпкер В.Шипилкинге Көкшетау әкімдігіне қарасты «Көкшетау жылу» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнындағы қарызын қайтарып алуға көмектесті.

2015 жылы қараша айында тараптар қызмет көрсетуге қатысты келісімге отырады. Келісім шарттары бойынша «Шипилкин В.Г.» ЖК коммуналдық кәсіпорынға электродтарды жеткізіп беруге міндеттеледі. Тапсырыс беруші 30 күнтізбелік күн ішінде ақысын төлеуге тиіс болған – шамамен 3,5 миллион теңге.

Кәсіпкер тауарды дер кезінде толық жеткізіп береді. Ал жылу беруші мекеме өзінің міндетін уақтылы орындамайды.   

Кәсіпкер жарты жыл бойы сұрау салумен болды. «Көкшетау жылу» кәсіпорны Ақмола облыстық ауданаралық экономикалық сотының шешіміне де еш жауап бермеді. 

Палата сарапшылары жылу таратушы компанияға хат жазды, онда борышкерге «заңды күшіне енген сот актілерін, соттың әділдік орнату үшін шығарған шешімдерін барлық мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар міндетті түрде орындауы тиіс...» екендігін ескертеді.

Өңірлік палатаның хатына жылу таратушы компания жауап қатып, қаржы тапшылығын алға тартады. Дегенмен, қараша айына дейін борышкер компания кәсіпкерге негізгі қарызын қайтарды, қалғанын атқарушы өндіріс аясында жуырда жіберуге уәде етті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер