«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жазықсыз айыпты бола жаздады

2017 жылғы 11 Қаңтар
- Ақмола облысы
5158 просмотров

Ақкөл қаласының кәсіпкері Анна Рудакова жаңа жыл қарсаңында күтпеген жағымсыз оқиғаға тап болды

Оған бөгде ұйымның борышы ретінде алпыс мыңнан астам теңге төлеу туралы үкім шығарған. Үкімді шығарған кім дейсіз ғой? Павлодар қалалық соты...

Мұндай ресми құжатты дәл мереке қарсаңында алу әрине жақсы емес. Жаңалықты естіп, еңсесі түскен әйел, өңірлік Палатаның жергілікті филалына көрші өңірдегі сот инстанциясы тарапынан негізсіз талап қойылғанын алға тартып, көмек алу үшін хабарласқан.

Еске сала кетейік, Анна Рудакова он жылдан бері шағын дәмхананы басқарады, яғни, қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс жасайды.

«Бастапқыда мұндай ақшаны кімнен және не үшін қарызға алғанымды есіме түсіре алмай дал болдым. Алынған құжатты барынша толық зерттей отырып, мекенжайына назар аудардым. Павлодар қаласында біреуге қалайша қарыз болып қалғаныма таң қалдым», – дейді наразы бизнесвумен.

Бөлім сарапшылары осы істі зерттей келе, Павлодар қалалық сотының шешімі бойынша қаржылық талапты жеке сот орындаушысы сұратып отырғанын назар аударды. Бұл іс дәл осы сот орындаушысының қолына келіп түскен екен. Палата, сәйкесінше, атқарушы органдарға, көші-қон қызметіне, әділет басқармасына нақты және кешенді ақпарат алу үшін сұрау салды.

Нәтижесінде «Рудакова А.В» ЖК Павлодар қаласы аумағында тіркелмегені, ешқашан онда тұрмағаны, атында қандай да бір жылжымайтын мүлік жоқ екені, ешқандай айыппұл салынбағаны анықталды. Борышкер мүлдем басқа адам болып шықты, олардың аты-жөндері бірдей, тек ЖСН-дері басқа екен. Сот талқылауы барысында олардың ЖСН-ін ешкім сұрап, салыстырмаған. Қазіргі таңда мұндай ақпаратқа қол жеткізу оңай екенін айта кету керек.

Кәсіпкер ӨКП бөлімінің мекенжайына Алғыс хат жолдады, онда ол Палатаға проблеманы шешуге шын ықыласпен атсалысқаны үшін алғыс білдірген.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер