«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ЖЕР КӘСІПКЕРГЕ ҚАЛДЫРЫЛДЫ

2015 жылғы 14 Мамыр
- Ақмола облысы
17207 просмотров

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы бизнесменге өз жерін сақтап қалуға көмектесті.

Кәсіпкер Абдуллаи Эскирханов бюрократиямен қақтығысудың барлық қиындықтарын өз басынан өткерді. Ақмола облысының Бурабай кенті тұрғынының шағын дүкені бар. Дүкен орналасқан жер телімін кәсіпкер 2009 жылы жалға алған болатын, 2015 жылы жалға алу мерзімі аяқталған. Өз бизнесін сақтап қалу үшін Абдуллаи Эскирханов жерді сатып алмақ болады. Алайда бизнестің мүдделері әрқашан мемлекеттік органның мүддесімен сәйкес келе бермейтіні бар.

«Мен Бурабай ауданының сәулет бөліміне жерді сатып алуға мүмкіндік беруін сұрап бардым. Жер үлкен емес -0,02 гектар ғана. Алайда, ауданның Бас жоспарына сәйкес, жерді сатып алу мүмкін еместігін айтты. Яғни, менің түсінгенім бойынша, менің бизнесім құрылыс жоспарына кірмейді», - дейді Абдуллаи Эскирханов.

Бизнесменге бұл мәселені шешуге Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасының Бурабайдағы филиалының сарапшылары көмектесті. Мемлекеттік органдар бизнесменге негізсіз келісім бермегені белгілі болды. Палата өкілдері сәулет бөлімінің мамандарымен кездесіп, жерді сатып алуға еш кедергі жоқтығын анықтады. Сонымен қоса, дауға себеп болған жерге жер қатынасы бөлімінен мамандар келді. 

Тексеру нәтижесінде кәсіпкерге жерді сатып алуға құқығы бар екендігі анықталды. Абдуллаи Эскирхановқа жерді сатып алу және рәсімдеу шаралары түсіндірілді. Қазіргі таңда бизнесмен қажетті құжаттарды жинауда. Оның мәселесінің соңғы шешімі-уақытша нәрсе.

Абдуллаи Эскирханов Палата қызметкерлеріне алғысын білдірді, оның сөзі бойынша, егер мәселе шешілмегенде қандай инстанцияға баратынын белгісіз еді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер