«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бурабай: шипажай ғана емес

2015 жылғы 26 Мамыр
- Ақмола облысы
17446 просмотров

Бурабай ауданында өткен дөңгелек үстел барысында Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының экономикалық және құқықтық блоктарының құрамындағы ӨКП директоры Уәлихан Ғабдуллин төрағалығымен құрылған көшпелі комиссияға жеті бизнес-жоба презентациясы ұсынылды. Көшпелі дөңгелек үстелдер бастамасы ауданда бұрын әрекет еткен және қазірде ұмытылып қалған бизнестің тарихи қалыптасқан бағыттарын анықтауға, оларды қайта жаңғыртуға көмектесуге, сонымен қатар жаңа инвестициялық старт-аптарға қолдау көрсетуге, және де жобаларды іске асырғанға дейін сүйемелдеуге бағытталды.

Кездесуге ісін бастаушы кәсіпкерлер де, әрекет етіп тұрған өндірістер өкілдері де қатысты. Қатты тұрмыс қалдықтарын қайта өңдеу жөніндегі бизнесті бастап кеткен Жамбыл Қанапиннің бастамасы келешегі бар әрі уақыт талабына жауап береді. Бизнесмен жабдықты жалға алды және Щучинск қаласы мен оның маңайында картон мен пластик жинап жүр. Кәсіпкер автоқалдық тасығыш алғысы келеді, оның үстіне зауытты кеңейту үшін оған жер телімі қажет.

Сонымен қатар, мына бағыттар бойынша жобалар ұсынылды: құрылыс материалдары өндірісі («СМП-610» ЖШС), қаптайтын тас өндіру және қайта өңдеу («Северный камень» ЖШС), қонақ үй бизнесі («Алабай KZ» ЖШС), экологиялық таза көкөністерді жыл бойы өсіру (Омаров ЖК), су және лимонад құю және сату («THM Group» ЖШС), сонымен қатар антенналы-діңгекті құрылымдар құрылысы және пайдалану бойынша жоба («Ваккав» ЖШС).

Барлық жобалар түрлі даму сатыларында жатыр: бизнес-жоспар әзірлеу, мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеңілдікпен кредиттеуге құжаттама жинау. Өз қаражаты бар кәсіпкерлер жабдық және шикізат сатып алады. Қатысушы бизнесмендерді туындаған мәселелерде көмек және консультация алу тілегі біріктірді.

Сұхбат нәтижесінде кәсіпкерлердің әкімшілік кедергілерді жою бойынша өтініштері қабылданды.

«Қаралған жобалардың тағдырын бақылауда ұстау үшін, кері байланыс арнасын жөнге салу аса маңызды. Олардың кейбірі аяқтауды қажет етеді, және де бұл жағынан біздің мамандар қолдан келгенше көмек көрсете алады. Өміршең бизнес-жобалар қажет заңгерлік және консультациялық қолдауға ие болады», - деп Кәсіпкерлер палатасының директоры Уәлихан Ғабдуллин кездесу қорытындысын шығарды.

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы жақын арада облыстың барлық аудандарында осындай көшпелі дөңгелек үстелдер өткізуді жоспарлап отыр. 

 


Ұқсас жаңалықтар:

Бизнесті французша жүргізу
7 Маусым
2016
Батыс Қазақстан облысы
Бизнестің онлайн-шамшырағы
2 Маусым
2016
Атырау облысы
Қолданыстан тыс жатқан қаржы мен жер
6 Қараша
2015
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер