«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салықтар мен құқықтар жайлы

2015 жылғы 26 Мамыр
- Ақмола облысы
16122 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының Степногорск қаласындағы филиалы базасында осыған дейін қол қойылған әрекеттестік жайлы меморандумдар аясында бизнес, прокуратура және мемлекеттік табыс басқармасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты - салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру және кәсіпкерлермен бірге талқыға салу. Атап айтқанда, бұл деректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды алдағы қолдану төңірегіндегі практикалық мәселелер, декларациялық есептер ұсыну мәселелері, электронды есепшот-фактуралар бойынша түсіндірулер болды.

Прокуратура қызметкерлері қадағалау органының алдында тұрған кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі міндеттер жайлы, қызметі заңсыз тексеру деректеріне жол бермеуге бағытталған мобильдік топ жұмысы жайлы айтып берді.

Кәсіпкерлер палатасы филиалынан сауалдар қоюда белсендірек болуға ұсыныс берілді, себебі Палата мен бизнес-ортаның тығыз ынтымақтастығы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған ортақ қызметтің өнімді жемісінің кепілі болып табылады.

Дөңгелек үстелді Астанадан келген «Бизнес-Рост» ЖШС жалғастырып, 1С-Бухгалтерия бағдарламасына жасалған жаңа енгізілімдер бойынша тегін үш сағаттық семинар өткізді. Семинар күн тәртібі әрбір кәсіпкер үшін өзекті практикалық мәселені ескере отырып жасалды: сауда нүктелерін автоматтандыру, электронды-шот фактуралар, 3.0. 1С-тұғырнамасы, сондай-ақ бағдарламаны ақпараттық-технологиялық сүйемелдеу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер