«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Свободное ауылындағы бос тауаша

2015 жылғы 05 Маусым
- Ақмола облысы
15285 просмотров

Ақмола облысындағы шалғайда жатқан ауыл кәсіпкері ауылдастарын шұлықпен қамтамасыз етпекші

Ақмола облысы Есіл ауданы Свободное ауылында дөңгелек үстел өтті. Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалдарының консультанттары ауылдық бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламаларының механизмдерін түсіндірді.

Дөңгелек үстел 28 ауыл тұрғынынң басын қосты. Оның 12-сі бизнеспен айналысып жүргендер. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша консультациялар өткізілді, тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қызмет тарапынан қоғамдық тамақтану орындарын тексерудің заңдылығы түсіндіріллді, өзге де мәселелер көтерілді.

Дөңгелек үстел барысында сонымен бірге бизнесмен Досжар Жеңістанның бастамасы мәлімденді. Бүгінде жігерлі ауылдықмал өсірумен, ет сатумен айнадысады, сонымен қатар корпустық жиһаз дайындау бойынша шағын цехы бар. Алайда ол жаңа жоба ретінде шұлық өндірісін іске қоспақшы. Бизнесмен өз бизнес-илеясын таныстырып, жабдық (шұлық тігетін автоматтар) және жаңа өнім жасауға қажет түрлі шикізат жайлы айтып берді. Кәсіпкер жерлестері арасында шұлықтарының үлкен сұранысқа ие болатынына сенімді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер