«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес сақталып қалды

2015 жылғы 16 Маусым
- Ақмола облысы
13987 просмотров

Ақмола облысы Атбасар ауданының кәсіпкері қиын жағдайға тап болды.

«Умалат» ТС басшысы Ахмет Робуев ірі қара мал өсірумен айналысады. Кәсіпкер өткен жылдың басында шығынға ұшырады – дайындап қойған жем-шөбі өртеніп кетті. Фермер жем-шөпті қайтадан сатып алуға мәжбүр болады. Алайда жемшөпті қалпына келтіруге жұмсалған қаражат кредит төлеуге арналған болатын.

2013 жылы Ахмет Робуев Аграрлық кредиттік корпорациядан «Сыбаға» бағдарламасымен шамамен 10 миллион теңге сомасына екі кредит алады. Уақыты келеді, ал төлейтін ештеңе болмайды.

«Осы уақытқа дейін кредитті уақытында төлеп келдім. Келесі төлем шілде айында. Төлейтін ақшам жоқ. Бір ғана жол бар – бизнесті жабу, малдарды сойысқа жіберу және түскен ақшаға кредит төлеу. Ал содан кейін нестеймін? Өрт кесірінен жемшөп мүлдем қалған жоқ. Сондықтан да төлем күнінің мерзімін созуға келісуге көмектесу үшін, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалына жүгіндім», - дейді кәсіпкер.

Жергілікті Палата сарапшылары «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ алдына төлем мерзімін созуды сұрап барды. Бұл шара өртеніп кеткен орын иесінің өз бизнесін сақтап қалуына мүмкіндік береді. Палата өкілдері сонымен қатар Ахмет Робуевтың қарызын төлеу бойынша міндеттемесін орындауына бақылау жасауды өз мойнына алады. Орын алған өрт туралы дәлелдемелер құжаттар базасы барлығын ескере отырып, қаржы институтының менеджерлері төлемді жарты жылға ұзартуға келісті.

Бұл алдын ала келісім ғана. Бизнесмен мен Палата сарапшылары төлем мерзімін ұзарту мүмкіндігі туралы ресми растауды күтіп отыр. Атбасар ауданы кәсіпкерлерінен мұндай өтініштердің бұрын да келіп түскенін атап өту керек. Палата сарапшылары аталмыш өтініштердің оңынан шешілуіне сеп болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер