«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Консультанттар халық арасында

2015 жылғы 29 Шілде
- Қостанай облысы
12918 просмотров

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильдік орталығының ашық есік күнін өткізеді

Ол 2015 жылғы 30 шілдеде Қостанайдың орталығында, «Қазпочта» ғимаратының жанында өтеді. Арнайы жабдықталған автобуста Кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» өңірлік филиалының менеджерлері барлық тілек білдірушілерге тегін қызметтер көрсетіп, консультациялар өткізеді.

«Акцияның мақсаты халыққа бизнесті мемлекеттік қолдау құралдары туралы ақпарат беру, кәсіпкерлік қызметті ашу және жүргізу бойынша консультациялар беру болып табылады. Мұнда сондай-ақ қаржы институттарымен жұмыс жасау шарттары, әрекеттегі бизнесті жүргізуге сервистік қызмет көрсету түсіндіріледі», дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы бизнесті сервистік қолдау сарапшысы.

Мобильдік орталықтың негізгі міндеті – шалғайдағы аудандарға және кенттерге барып ақпараттық,  консультациялық қызметтер көрсету. Бүгінгі күнде 72 ауылдық елді мекенге сапар жасалды. Дайындалған кестеге сәйкес, үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап Қостанай облысының әрбір ауданы мен моноқалаларына бару көзделген - Жітіқара, Арқалық, Лисаковск және Рудныйға.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер