«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Палата кез-келген идеяны қолдайды

2015 жылғы 29 Шілде
- Ақмола облысы
9811 просмотров

«Бизнес-кеңесші» курстары кәсіпкердің инновациялық жобаны жүзеге асыруына түрткі болды

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Астрахан филиалының Кәсіпкерлерді қолдау орталығына күн сайын ауданның ондаған тұрғыны консультация сұрап келіп жатады. Олардың бірі – кәсіпкер болуға бел буған Виктор Шибков.

Ол алғаш рет келгенде ісін бастаушы бизнесмендерге арналған бағдарламаларға қызығушылық танытты. Палата сарапшылары оған қолда бар мемлекеттік қолдау құралдары бойынша консультация берді. Кәсіпкердің қызығушылығын байқаған КҚО қызметкерлері «Бизнес-кеңесші» курсынан өтуді ұсынады. Бұл анықтаушы фактор болып шықты: Виктор курсты аяқтаған соң өз таңдауын жасады. Оның өз жобасына берген сипаттамасы – ауданда кездеспейтін наубайхана ашу.

«Жай ғана наубайхананы ашуға болады. Бірақ менің жоспарым – «күрделі» нан деп аталатын өндірісті жөнге салу. Мәселен, мейіз қосылған нан өнімін шығару, яғни түрлі қоспалар қосу. Бұл идеяны «Бизнес-кеңесші» курсынан алдым. Онда бәсекелесі жоқ бизнестің табыс табатынын естіген едім», - дейді Виктор Шибков.

Бір айта кететіні, болашақ кәсіпкердің әлеуеті жетерлік. Аудан орталығында оның жер телімі бар, сол жерде құрылыс жүргізбекші.

Палата сарапшылары оның жобасына қолдау көрсетп, сонымен бірге барлық рұқсат ету құжаттарын жинап берді. Билік тарапынан кедергі болмағанын айту керек, керісінше, аудан әкімдігі қос қолмен қолдап отыр. Таяу арада «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға құжаттар жиналып болып, Виктор Шибков оның аясында кредит алуды жоспарлап отыр. Болашақ кәсіпкер сонымен қоса маркетингтік стратегия мен бизнес-жоспар құрумен айналысуда. Оған КҚО консультанттары да тиімді қолдау көрсетіп жатыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер