«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құс өсірушілердің мәжбүрлі әрекеті

2015 жылғы 10 Тамыз
- Қарағанды облысы
13560 просмотров

2014 жылы қарағандылық Карл Маркс атындағы құс фабрикасы 194 000 000 теңге субсидияны толық көлемде алмайды

Құс фабрикасы барлық тілек білдірушілерге 150 000 тауықты тегін үлестіруде. Бұл ізгі ниеттен – қайырымдылық ұйымдарына, аз қамтылған тұрғындарға, ауылдықтарға, көктемгі тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында жасалып отыр. Бірақ оған орын алған жағдай мәжбүрлеп отыр – фабрика құстарды асырай алмайды. 2014 жылдың екінші жартысы үшін уәде етілген субсидия берілмеді және берілмейтін болды. Сатып алушылар азаюда, кіріс шығынды мүлдем ақтамайды. Кредиттер төленбейді, азық жеткіліксіз. Содан, К.Маркс атындағы құс фабрикасының басшылығы тауықты таратуға шешім қабылдайды.

«Оларды сойысқа да жібере алмаймыз, себебі ол да шығынды қажет етеді – ресурстар жұмсалуы керек – су, электр жарығы, еңбек шығындары кетеді. Сатуға уақыт кетіп қалады. Ал біз күте алмаймыз – құсты жемдеу керек, ал азық жеткізушілер алдындағы қарызымыз жетіп жатыр», деп мәлімдеді Қарағандыда өткен баспасөз конференциясында құс фабрикасының директоры Валерия Семенова журналистерге.

Кеңес заманында фабрика Қазақстандағы ең ірі құс өсіру кәсіпоындарының бірі болған. Бірақ тоқсаныншы жылдардың басында кәсіпорын, сол кездегі басқа да көптеген фабрикалар сияқты, өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады. 2010 жылы германдық инвестордың арқасында қайта қалпына келтірілгеннен кейін қайта жұмыс жасай бастайды.

200-ден астам адам жұмысқа орналасады. 5 жыл ішінде өндіріс көлемі жылына 120 млн бірлік жұмыртқаға өседі. Фабрика басшылығының айтуынша, «Курочка Ряба» атты компания өнімі Қазақстан тұрғындарының арасында сұраныс тапты және елордада ерекше танымал. Кеден одағына кіру кәсіпорын үшін жаңа нарықтарға жол ашты. 2014 жылдың өзінде 170 000 000 теңге сомасына 14 679 000 дана жұмыртқа экспортқа шығарылған.

Дей тұрғанмен, қиын уақыт келіп жетті. Құс фабрикасының директоры түсіндіргендей, былтырғы жылдың соңында рубль бағамының кенет төмендеуі салдарынан өткізу жағында түйткілдер орын ала бастайды. Экспорт екі есеге төмендеді. Сонымен қоса Ресейден Қазақстанға біздегі өзіндік құннан төмен бағадағы контрабандалық жұмыртқа мен құс еті ағыла бастайды.

«Қаңтар айынан бастап 1 тамызға дейін жинақталған шығын 16 653 000 теңгені құраған. Сәуір айынан бері банкке кредит төлеп жатқан жоқпыз, себебі азық жеткізушілерге қарызымызды төлеуге ақша жетпей жатыр. Толық өзіндік құны 12 теңге тұратын жұмыртқаны 8 теңгеге сатуға мәжбүрміз», - деді кәсіпорын басшысы.

Компания барлық зәру жандарға тауықтың 30%-н тегін таратуға дайын – 450 000 бас мекиен тауық болған еді, 300 000 қалады. Жұмыскерлер штаты 10% қысқартылады, әзірше фабрикада 208 адам жұмыс жасап жатыр.

Бұрындары әкімдік үнемі кәсіпорынға қолдау көрсетіп отыратын және әрбір өндірілген және өткізілген жұмыртқа үшін 3 теңге субсидия беріп тұратын. Бірақ 2014 жылы құс фабрикасы 194 000 000 теңгені түгел алған жоқ.

2014 жылдың маусым айында бірнеше құс фабрикасына субсидия төлеу тоқталып қалды және бұл тек Қарағанды облысында ғана орын алып отырған жоқ. Батыс-қазақстандық құс өсірушілер де осындай түйткілге ұшырап отыр. Құс өсіруші кәсіпорындар сол жылдың күзінен бері «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасына жүгіне бастаған еді. Құс өсірушілер одағы ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаеваның қатысуымен Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында ауыл шаруашылық басқармаларымен жиналыстар ұйымдастырды. Алайда бейіндік ведомство өкілімен арадағы келіссөздер еш нәтиже бермеді. Министрлік ол кезде субсидия төленетіні не төленбейтіні жайлы жауап бере алған жоқ.

Осыдан кейін Қарағанды облысы құс шаруашылығы саласы қатысушыларының жергілікті жиналысы ұйымдастырылып, қорытындысы бойынша облыс әкіміне 2015 жылы қажеттіліктерге байланысты облыстағы құс өсіру шаруашылықтарын субсидиялау көлемін ұлғайту мүмкіндігін қарау туралы, сонымен қатар 2014 жылдың 3 және 4 тоқсаны үшін берілмеген субсидияларды төлеу туралы ұсыныспен хат жолданады. Өкінішке орай, әкімдік құс өсірушілер өтінішін қабылдамайды.

Бұл жағдай сол кездегі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің құс өсіруші кәсіпорындардың алуға мәлімдеген сомаларын қысқартуының нәтижесінде қалыптасқан еді. Ведомство сұралған 4 млрд теңгенің 1 миллиардын қысқартады да, осыдан соң екінші жартысында да төлем тоқтап қалады.

2015 жылдың наурыз айында Президент Нұрсұлтан Назарбаев ел үкіметіне АӨК субъектілерін сауықтыруға бөлінетін соманы 300-ден 500 млрд теңгеге арттыруға тапсырма береді. Сонымен бірге, сәл бұрын Қазақстанның ауыл шаруашылығын қолдауға Ұлттық қордан 20 млрд теңге бөлінетіні, оның ішінен «мал шаруашылығы» және «құс шаруашылығы» бағыттары бойынша АӨК субъектілерін субсидиялауға 11,5 млрд теңге берілетіні хабарланған еді.

Алайда осы бөлінген қаражатты ескере отырғанның өзінде, былтыр берілмеген субсидиялар берілуге жоспарланып отырған. Себебі мұндай процедура Үкімет қаулысымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларында» көзделмеген. Облыстық бейіндік басқарма құс өсірушілерге де, кәсіпкерлер палатасына да себебін түсіндірген жоқ.

Өңірлік палата келіссөздерді бұдан әрі де жүргізе бермекші. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да ұлттық экономика және ауыл шаруашылығы министрліктерімен, жалпы Үкіметпен белсенді сұхбаттар жүргізуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер