«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Болашақ жұмысшы қолдарымен тұрғызылады

2015 жылғы 11 Тамыз
- Ақмола облысы
9297 просмотров

Қытайдан келген оралман Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен қазақстандық шалғай елді мекенде жеке ісін ашты

Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылының тұрғыны, кәсіпкер Батырхан Хуан жеке бизнесін дамытуға үлкен жоспар құрып отыр. Оның біршама перспективалы жеке ісі бар.

Батырхан — оралман. Тарихи отанына Қытайдан 2006 жылы қайтып келген. Тамыр жайғысы келген ауыл о бастан ұнап қалыпты. Тек бастапқыда жұмысы жөнді бола қоймайды.   

«Жеке іс ашудан басқа еш жолын таппадым. Былтырдан бері құмды блок шығарумен айналысып жүрмін. Барлығын да өз қаражатыма сатып алдым. Қытайға барып келдім, бұрыннан байланысымыз үзілмеген еді. Құрылыс материалын өндіру үшін білдек, жүк көлігін, білдектің қосалқы бөлшектерін сатып алдым. Күніне 500 құмды блок шығарамыз», - дейді Батырхан Хуан.

Алайда бүгінде кәсіпкер қолдауға зәру. Жоспарын іске асыру бойынша алғашқы қадамын жасап та қойды. Батырхан келешекте жыл он екі ай бойғы өндірісті жоспарлап отыр. Бизнесмен тіпті бизнеске жұбайын да ортақтастыруға шешім қабылдап, ол Кәсіпкерлер палатасының Ерейментау ауданындағы филиалы сарапшыларының кеңесімен кәсіпкерлік негіздері бойынша курсқа қатыспақшы.

«Сондай-ақ, Палата өкілдері қарыз алу үшін бізге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысуды ұсынды. Мақсатымыз — құмды блоктар өндірісіне қажет құрылыстар тұрғызу ғана емес, қызыл кірпіш сияқты өнім түрін игеру», - дейді Батырхан.

Қазір өндірісте төрт адам еңбек етуде. Егер бизнесменнің жоспарлары қолдау тапса, онда тағы да бірнеше ауылдасы жұмыспен қамтылады. Бүгінде бизнесменнің жобасын Палата сарапшылары сүйемелдеуде. Олар кейін оны жүзеге асыруды қамтамасыз етуді жоспарлап жүр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер