«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жер шаруа қожалықтарына берілсін!

2015 жылғы 21 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
12491 просмотров

Аудандардағы бизнесмендерге шаруашылық жүргізу үшін жер жетіспеуде. Жамбыл облысы Меркі ауылының кәсіпкері Кәсіпкерлер палатасының жәрдемдесуінің арқасында суармалы жерді жалға алды.

«Арыстанбек» шаруа қожалығының басшысы Арыстанбек Жақсыбаев Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының Меркі ауданындағы филиалы жанындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталығына шаруашылық жүргізуге жердің жетіспеуі түйткілімен жүгінді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында ол 2014 жылы 2,7 миллион теңге мөлшерінде микрокредит алып, шаруа қожалығын ашады. Сүтті тұқымдас 14 сиыр мен бір бұқа сатып алады. Бүгінде мал басы 21-ге жеткен. Түйткіл азық даярлауда, атап айтқанда оның қымбаттығында болып отыр. Себебі қолда бар 3 гектар жер іс жүзінде мұндай мал санын жем-шөппен қамтамасыз ете алмай отыр.

«Консультанттарымыз бизнесменге жергілікті атқару органдарының шаруа қожалығын жүргізу үшін жерді жалға беру жөнінде байқау өткізіп тұратынын түсіндірді, - дейді Кәсіпкерлер палатасының Меркі ауданындағы филиалының директоры Лиза Әзізбекова. – Осыдан кейін құжаттар пакетін ресімдеп, аудан әкімдігі өткізетін байқауға қатысу барысында кәсіпкерді сүйемелдеп отырдық».

Нәтижесінде байқау комиссиясы келіп түскен алты өтінім ішінен Арыстанбек Жақсыбаевтың өтінімін біршама сенімді деп тауып, кәсіпкер 49 жылға 5,3 гектар суармалы желді жалға алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер