«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Балық сатыла береді

2015 жылғы 28 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
14390 просмотров

Аралдық балық аулаушылар өнімі нарықта сұранысқа ие

Қазіргі ахуал тауарымызды бәсекеге қабілетті етеді, дейді «Арал» Сервистік-дайындау орталығы» ЖШС директоры Нұрбек Айымбетов.

«Тауарларды Еуроодақ елдеріне және Ресейге жеткізіп тұрдық, ал қазіргі доллар төңірегіндегі ахуал табысымызға оң әсерін тигізді. Біздің өнімдер нарықта сұранысқа ие. Қазіргі ахуал тауарымызды бәсекеге қабілетті етеді», - дейді кәсіпорын директоры.

Балық шаруашылығының Қызылорда облысы ауыл шаруашылығындағы маңызды салалардың бірі болып табылатынын атап өту керек. «Арал» Сервистік-дайындау орталығы» ЖШС компаниясы Арал теңізінде балық аулаумен және оны қайта өңдеумен айналысады. Кәсіпорынның өнеркәсіп телімдері және өнімін Еуроодақ (еурономер) және Кеден одағы елдері Ресей мен Белоруссияға экспорттауға рұқсаты бар. Зауыт ИСО 22000:2005 тағам өнімі қауіпсіздігі менеджменті жүйесі бойынша сертификатталған.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер