«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көкшетауда жер телімін қалай алуға болады

2015 жылғы 19 Қазан
- Ақмола облысы
12197 просмотров

Ақмола облысы КП прокуратурамен бірге жер телімдерінің егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарын тексеруді ұсынады

Көкшетау кәсіпкерлерінің ең жиі кездесетін түйткілдерінің бірі – жер мәселесі. Игорь Юрченко ӨКП-ға осы түйткілмен жүгінген еді. Бизнесмен иелігінде «Союз» дүкені бар, осыған тағы бір бөлмені жапсарластыра салуды жоспарлаған екен. Алайда мемлекеттік органдар егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарының (ЕЖЖ) жоқтығын желеуретіп бас тартады. Дей тұрғанмен, жақын жерде тұрған дәріхана иесі жапсарлас құрылыс салуға рұқсат алады. Кәсіпкер неліктен әлдекімге жапсар жай салуға рұқсат беріліп, бұған неге берілмей отырғанын түсіне алмады. Ол осы мәселемен бірнеше рет жүгінді. Жер қатынастары бөлімі оған ЕЖЖ-ні өзінің дайындауын ұсынады, ал бұл арзанға түспейді, миллиондаған теңге кетуі мүмкін.

Ақырында аталмыш түйткіл Кәсіпкерлер палатасының жауапты органдар қатысуымен ұйымдастырған «дөңгелек үстелінің» талқылау тақырыбына айналды. Егжей-тегжейлі жоспарға ұқсайтын құжаттарды дайындаумен айналысатын серіктестіктер де қатысты. Күллі ауданды қамтымай-ақ, егжей-тегжейлі жоспарлаудың нүктелі жобасын дайындау керектігі жайлы ой айтылды.

Өңірлік палата аталмыш мәселені атқару органдарына дейін жеткізбекші. Бір айта кететіні, жергілікті органдар қызметкерлері іс-шараға шақырылғанмен, келген жоқ. Дегенмен осы жерде айтылып отырған тақырыпқа белгілі бір түсінік беріп кетуге болады. 2014 жылы облыстық прокуратура жергілікті атқару органына егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының жоқтығы дерегі бойынша ұсыныс, сонымен бірге түйткілді мәселелер жазылған екі хат енгізеді. ӨКП өкілдері жағдайдан шығатын тағы бір жолды ұсынды – прокуратурамен бірге жер телімдерінң ЕЖЖ тексеру. Қаланың бірқатар аудандарында аталмыш құжат болуы да мүмкін.

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы өз өкілін Қала құрылысы кеңесінің құрамына кіргізбекші. Бұл шара құрылысқа арналған кәсіпкерлердің жобаларын бекіту төңірегіндегі жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер