«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Денсаулыққа бағытталған бизнес

2015 жылғы 26 Қазан
- Ақмола облысы
9594 просмотров

Кәсіпкер ауылдықтар үшін фитнесс-клуб ашуға бел буды

Ақмола облысы Есіл ауданының кәсіпкері Ринат Губаев бизнестің жаңа түрін игеруге шешті. Ритейлер Есіл қаласының орталығындағы дүкенін көп функциялы етіп қайта салуды жоспарлап жүр. Бірінші қабатта тікелей сауда аймағы орналасады, екінші қабатты бизнесмен фитнесс-клуб түрінде жабдықтамақшы, ал үшінші қабатты каркассыз жиһаз жасау цехын ұйымдастыруға икемдеу жоспарланып отыр. Фитнесс-клуб жұмысы тренажерлармен ғана емес, би залы, массаж бөлімі және косметологиялық кабинетті қоса алғанда түрлі қызметтер көлемімен ұсынылмақшы.

Кәсіпкер ғимаратын қайта қалпына келтіруді неден бастарын, қандай реттеу органдарына жүгіну қажеттігін, қандай қаржы институттарында кредит беру шарттарының біршама тиімді болатынын білмегендіктен, ең оңтайлы жолды таңдап, Есіл ауданы Кәсіпкерлікті қолдау орталығына жүгінді.

Консультанттар жұмысы екі кезеңге бөлінді. Бірінші кезең ғимаратты қайта қалпына келтіруге арналған құжаттар тобын жинауды көздесе, екіншісі – мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша кредит алуға өтінім ресімдеу. Қазір кәсіпкерге көмек көрсету, жобаны аяқталғанға дейін толық сүйемелдеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

«Бизнес ашуды армандайтындар көп, мен де солардың қатарындамын. Жай ғана бір табыс әкелетін істі аша салмай, әлеуметтік бағдарлы бизнес құрғым келді. Тренажер залын ашуға бар күшім мен қаражатымды сала отырып, адамдардың өзін күтуіне, өсіп-жетілуіне көмектесемін деп сенемін. Мен үшін қызметімнің қоғам игілігіне бағытталғанын сезіну өте маңызды. Барлық кезеңдерде қолдау берген КҚО консультанттары көп демеу болды. Рақмет!», - деп түйіндеді кәсіпкер ерекше көңіл-күймен.

Жаңа кешенді келесі жылдың қаңтар айында іске қосу жоспарланып отыр.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер