«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Күзендер ұшқыштарға бөгет бола ма?

2015 жылғы 03 Қараша
- Ақмола облысы
9522 просмотров

Күзен өсіру жөніндегі аң шаруашылығының салыну-салынбауы әзірше белгісіз

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сарапшылары мен мемлекеттік органдар өкілдері бүгін дөңгелек үстел басында қызу пікірталасқа түсті. Оған Палатаға өңірге танымал кәсіпкерден келіп түскен өтініш себеп болды. Таяуда ғана Өңірлік палатаның Ақмола облысындағы ең амбициялы жобалардың бірі – күзен өсіру жөніндегі аң өсіру шаруашылығы құрылысын өз қанатының астына алғанын жеткізгенімізді еске саламыз.

«Kazyna Invest Company» ЖШС директоры Фоат Ишмухаметовтың айтуынша, жүзеге асырыла бастағаннан көпшіліктің қолдауын тапқан жоба қаржыландырудың жеткіліксіздігі салдарынан тоқтап қалған. Палата әлеуетті инвесторларды белсенді іздеуді бастамалап, іс орнынан қозғалғандай болған.

Алайда олай болмай шықты. Бірден айта кетейік, нысан Көкшетау қаласы әуежайынан үш шақырым жердегі Зеренді ауданының аумағында жатыр. Сөйтіп, 2012 жылдан бері Зеренді ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі әуежайдан 15 шақырым радиуста құрылыс жүргізуге тыйым салынатыны туралы «Көкшетау Әуекомпаниясы» АҚ қорытындысына сүйене отырып, нысанды тұрғызуға қарсы шыққан болып шықты.

Қаңтар айында «Kazyna Invest Company» ЖШС ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті комиссиясының инвестициялық жобаның Көкшетау әуежайы әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі үшін қауіпсіздікке қатер төндірметінін айқындаған қорытындысын алады.  

Мәселе шешілгендей болды. Алайда әкімдік өкілдері қайтадан рұқсат беруді алға тартып, қасарысуда. Зеренді ауданының әкімі Асқар Мұратұлының ойынша, Азаматтық авиация комитетінің қорытындысында қателік туындаған, себебі инвестициялық жоба атауының өзінде айырмашылық бар.

Шенеунік жобаны жүзеге асыру аспан айлағының қызметі үшін қатер төндіруі мүмкін деген қаупін білдіруде. «Әуежай халықаралық деген мәртебе алды, азаматтық авиация техникалық реттемелерінің ережелерін сақтауда мұқият болуымыз керек», - дейді ол.

ӨКП сарапшылары өз кезегінде бұдан кем түспейтін бұлтартпайтын дәйектер келтіруде. Жобада санитарлық-экологиялық талаптар көзделген: қалдықтарды қоршаған орта үшін қауіпсіз, сертификатталған және Данияда қолданылатын технология бойынша кәдеге жарату. Оның үстіне, барлық қалдықтарды Көкшетау қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағына апару жоспарланып отыр. Қиындық та осы жерде болып отыр: ҚТҚ полигоны стратегиялық нысаннан 5 шақырым жерде жатыр, ал ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы №504 қауысына сәйкес, «әуежай бақылау нүктесінен 15 км жақын қашықтықта тағам қалдықтарын тастайтын орындарды, аң фермаларын, қасапханаларды және құстарды тартумен және олардың топталып жиналуымен ерекшеленетін басқа да нысандар құрылысын орналастыруға тыйым салынады». Ақиқаты қайсы деген орынды сауал туындайды.

Кездесуге қатысушылар аталмыш тақырыпта ұзақ пікір таластырды. Бірақ бір түйгендері: тағы бір рет кездесу, ол кезде кең көлемдегі қатысушыларды тарту, бейіндік мамандарды, сонымен бірге Азаматтық авиация комитетінің өкілдерін  шақыру керек.

«Мәселенің нүктесін қояр кез келді. Кәсіпкер абдырауда. Ақмола облысындағы ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға мүдделі бола отырып, онымен жақтаспыз деген сенімдемін», - деп түйіндеді өңірлік палата директоры Уәлихан Ғабдуллин. Әкімдік қарсы болмады...


Еншілес ұйымдар

Серіктестер