«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шенеуніктердің салақтығы қымбатқа түсуі мүмкін еді

2015 жылғы 21 Желтоқсан
- Ақмола облысы
11259 просмотров

Кәсіпкерлерді қолдау орталығы консультанттарының дер кезінде әрі шұғыл жасалған көмегі кәсіпкердің қаржылай қаражатын сақтап қалуға көмектесті

Николай Паничкин жағдайдың оң шешім табарына сонша сенімді болмаса да, КҚО-ға жүгінеді. Жеке ісін 2013 жылы, ритейлмен айналысуға бел буып, ашқан болатын. Бөлшек сауданың сәті түскенмен, өкінішке орай, кәсіпкер ауыр дертке шалдығады да, біраз уақыт бойы аурухана жағалағаннан кейін 2 топ мүгедегі деген қатаң диагноз қойылады.

«Ісімді тоқтатып қоюға тура келді. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мемлекеттік қолдау құралдары әрекет ететіні жайлы естігенімше, қаражат жетпей қойды. Ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасымен кредит алдым да, жолаушылар тасымалымен айналысу үшін автомобиль сатып алдым», - дейді Николай Паничкин. 

Қарыз алу үшін құжаттар ресімдеу процедурасына жарты жылға жуық уақыт кетті. Іс аяғына жетіп қалғанда кәсіпкерге кедергі кездесе кетеді: Есіл ауданы бойынша мемлекеттік табыс басқармасының мамандары кәсіпкерден патент құнынан есептесуге өтініш қабылдаудан бас тартады. Шенеуніктер бұған кәсіпкердің мәлімделген табыстан толық соманы көрсетпей отырғанын негіздейді. Мемлекеттік орган 60 000 теңгенің орнына 150 000 теңге түрінде көрсетуді ұйғарады. Фискалдық орган өкілдері өтініш иесінің зейнеткер әрі екінші топ мүгедегі екенін ескермеген екен. Кәсіпкердің қызметін енді бастап жатқанын айтқаны да, қызметтер нарығында оның қаншалықты сұралатыны да белгісіз екенін алға тартқан дәйектері де назарға алынбайды. Барлық дәйектерге бір ғана: «Жоқ!» - деп жауап қайтарылады.

Николай Паничкин жәрдем сұрап жүгінген КҚО-да МТБ мамандары талабының заңды екені түсіндірілді.

«Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 429 бабына сәйкес, патент негізіндегі арнайы салық режимін Салық кодексінің 428 бабы 3 және 4 тармақтарында көрсетілген тұлғалар болып табылмайтын жеке кәсіпкерлер қолданады және олар мына шарттарға сәйкес келеді: салық кезеңіндегі шектік табыс республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сәйкес қаржы жылының 1 қаңтарына дейін әрекет ететін жалақының 300 еселік ең төменгі мөлшерінен аспайтындар, - деп түсіндірді КҚО консультанты Валерия Есімшәріпова, - яғни заңда мемлекеттік табыс басқармасы қызметкерлері талап еткен мәлімделген табыстың белгіленген сомасы реттемеленбейді».

«КҚО мамандарының ат салысқаны үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Олар сауатты заңгерлік консультация беріп қана қоймай, ЖК қайта тіркеумен байланысты барлық жұмысты өз беттерінше істеп, қажет салықтарға төлем жасап, қажет құжаттарды жинауға көмектесті», - деп алғыс айтуда кәсіпкер. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер