«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тиімді бизнеске арналған сервистік қолдау

2016 жылғы 02 Ақпан
- Ақмола облысы
8108 просмотров

Өңірдің ерекшелігіне орай, жобалардың ең көбі ауыл шаруашылығы саласында және транспорт аумағында тіркелген.

ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметінің басым бағыттарының бірі бизнесті сервистік қолдау екені белгілі. Жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау және дамытудың Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Жұмыс істеп тұрған бизнеске арналған сервистік қолдау ақысыз негізде көрсетілетінін еске саламыз. Кәсіпкерлер бухгалтерлік және салықтық есеп, кедендік рәсімдер, менеджментті енгізу, заң қызметтері, сайт құру және мемлекеттік сатып алулар саласында қызметтер алуға мүмкіндіктері бар. Аталмыш қолдау өте жақсы демеу береді, себебі кәсіпкерлердің өз мәселелерін дербес шешуге көбінесе шамасы келе бермейді, сондай-ақ, бұл уақытты едәуір үнемдеу деген сөз, соның есебінен бизнесмен өз істерін табысты жүргізе алады.  

Осы бағытта қандай жұмыстар жүргізілгені және қандай жетістіктер бар екендігі жөнінде Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Уәлихан Ғабдуллин әңгімелеп береді.

–  Уәлихан Мұташұлы, сіздің көзқарасыңыз бойынша, ӨКП-ның осы бағыттағы жұмысы қаншалықты тиімді болды?

2015 жылы Ақмола облыстық Кәсіпкерлер палатасы облыстың 14 ауданында, сондай-ақ, Степногорск және Көкшетау қалаларында менеджер-кеңесшілерді тарта отырып, республикадағы төрт ұйымның бірі ретінде сервистік қызметтерді дербес көрсетті. Тұтастай алғанда, өткен жылы қолдау сұрап 1677 кәсіпкер келді, оларға 2540 қызмет көрсетілді.  

Қысқа мерзім ішінде облыстың бүкіл аудан орталықтарында Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары ашылды. Сервистік қызмет жөніндегі кеңесшілер жыл бойы тұрақты түрде ауылдық округтарға шыққанын атап өткім келеді және олар сол жердің кәсіпкерлеріне бизнесті жүргізу туралы ақыл-кеңестер берді. Статистикаға жүгінсек, қызметтер айдан айға танымал бола бастады.

 – Олардың қайсысы барынша сұранысқа ие болды?

– Егер де есеп-қисап жасау қызметін тегін алу мүмкіндігі бар болса, онда жалдамалы маманға осы үшін белгілі бір ақша сомасын төлеп отырудың жөні жоқ екендігіне келісетін шығарсыз. Барлық кәсіпкерлер мемлекеттік кірістер департаментіне кем дегенде жылына екі рет  есеп беріп отыруға міндетті екендігін ескеретін болсақ, клиенттерден кенде болмағанымыз түсінікті.

Заң қызметтерін ұсыну да дәл осыған ұқсайды. Келісім-шарттар жасау мәселелері, еңбек қатынастарын ресімдеу, азаматтық құқық жөніндегі кеңестер – кәсіпкерлерді қызықтыратын сұрақтар ауқымы өте кең.

Осы қызметтердің танымалдығын ескере отырып, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әрбір ауданда бухгалтерлік және заң қызметтері бойынша екі кеңесші болуы қажеттігі туралы шешім қабылдағанын атап өту қажет. Жылдам өзгеріп отыратын нарықтық жағдайларға орай маркетингтік қызметтер де аса танымал болып келеді.

Көкшетау қаласының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында, географиялық орналасу ерекшелігіне байланысты, барлық сегіз бағыт бойынша кеңесшілер бар. Кәсіпкер аудандық орталықта кез келген қызмет түрін (заң және бухгалтерлік қызметтен басқа) алуға келген кезде, онлайн-байланыстың көмегімен Көкшетау қаласындағы КҚО кеңесшісімен байланысу мүмкіндігі бар.

– Қызмет көрсету жағынан қандай өңірлер көш бастап келеді?

– Көрсетілген қызметтер саны бойынша, бір қызығы, тіркелген кәсіпкерлер саны көп аудандар емес, керісінше, осы көрсеткіш бойынша орташа өңірлер алға шықты. Айталық, бухгалтерлік есеп бойынша ең көп кеңес Жақсы ауданында көрсетілген, аса танымал маркетолог Ақкөл ауданының маркетологы болып шықты. Мен, ең алдымен, бұл Кәсіпкерлер палатасы бөлімшесінің директорының жақсы жұмысының көрсеткіші деп ойлаймын, себебі, 2015 жыл қорытындысы бойынша ең үздік директорлар Жақсы және Есіл аудандық ӨКП бөлімшелерінің директорлары болғаны кездейсоқ емес. Оған қоса, Палатаның Степногорск бөлімшесі командасының жұмысы жақсы жолға қойылғанын атап өткім келеді.  

– Сервистік қолдау аясында қандай жобалар іске асырылды?

– 2015 жылы «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша жүргізілген сабақтардың және сервистік қызметтер жөнінде берілген кеңестердің қорытындысына сәйкес, біз 300-ден астам жобаны іске асырдық. Демек, бұл «Бизнес-кеңесші» бойынша оқытудан өткен адамдар тыңдаған семинардан кейін өз күштеріне сеніп, ЖК ретінде тіркелді, сервистік қызметтер жөнінде ақыл-кеңес және өз идеясын іске асыру үшін қаржы институттарынан қаражат алды дегенді білдіреді. Біздің өңірде, оның өзіндік ерекшелігіне орай, жобалардың ең көбі ауыл шаруашылығы мен транспорт салаларында тіркелген.

Өңірлік палата өз міндетін толығымен орындады деп есептеймін. Ең бастысы, ауқымды жобаны жүзеге асырудың синергиялық әсері зор.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер