«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес қанатының астында

2016 жылғы 25 Ақпан
- Ақмола облысы
8898 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен облыстың белгілі бизнесмендері кластерлік қамқорлықты енгізуде

Бизнес алдағы уақытта түлектерді жұмысқа орналастыру, оларды оқытуға қаражат салу (оқу процесін ұйымдастыру, кәсіптік даярлық, қайта даярлау, біліктілікті арттыру), техникалық базаны жетілдіруді қоса алғанда кәсіптік орта білім мәселелерін өз қанатының астына алуды жоспарлап отыр.

Мысал ретінде – 2007 жылдан бастап Көкшетау қаласындағы №1 құрылыс-техникалық колледжі Елена Мащинскаяның басшылығындағы «Той-Дастархан» ЖШС-мен бірге кәсіби тұрғыдан білікті мамандар дайындаумен айналысып келеді. Бизнесвумен тәжірибені тәлімгерлерге өздері таңдаған мамандық бойынша машықтану және олардың өндірістік біліктілігін арттыру, сондай-ақ материалдық сыйақы алу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастырады. Ескеруге тұрарлық жайт: 2012-2013 оқу жылы ақылы тәжірибеге білімгерлердің 60%-ы орналастырылса, 2013-2014 жылы ол 86%-ды, ал білімгерлердің жалақысы орта есеппен алғанда 20 мың теңгені құраған болатын.

«Ал биылғы жылдың өзінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында өңірлік палата, «Той-Дастархан» ЖШС, «Чайка» балабақшасы, №13 «Экос» экологиялық мектеп-гимназиясы мен Көкшетау қаласындағы №1 құрылыс-техникалық колледжінің арасында кластерлік қамқорлық жүйесін енгізу жөніндегі меморандумға қол қойылған», – дейді ӨКП директорының орынбасары Айжан Тажмиева.

Кластерлік қамқорлық Ақмола облысының Есіл ауданында да енгізілген. Өзара серіктестік туралы меморандум Кәсіпкерлер палатасы, «Заречный» ЖШС, «Айналайын» балабақшасы, Заречный орта мектебі мен Есіл қаласындағы №7 Агротехникалық колледж арасында бекітілген.

«Заречный» ЖШС – Есіл ауданының ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірі. «Заречный» ЖШС директоры Уәлихан Әріпов – белгілі меценат, Фермерлер одағы, Ет өндірушілер одағы, Қазақстанның селекционерлер және тұқым өсірушілер одағының мүшесі.

Сондай-ақ, Астрахан ауданында да кластерлік қамқорлық жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Оның қатысушылары бидайды қабылдау, өңдеу, сақтау және жіберумен айналысатын «Бетеге-У» ЖШС, «Алтын дән» балабақшасы, Жалтыр орта мектебі мен агротехникалық колледж болмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер