«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мәселе оң шешімін тапты

2016 жылғы 15 Наурыз
- Ақмола облысы
8021 просмотров

Өңірлік палата – екі бизнес субъектісі арасындағы даудың түйінін шешетін медиатор

Мәселеге себепкер ӨКП-ге жеке кәсіпкер Қанат Сәдуақасовтың жүгінуі болып отыр. Шағымданушы өткен жылы несиеге «Renault Duster» кроссоверін алған. Бизнесменнің айтуынша, көлік халықтық қолданыстағы тауарларды трансферттік тасымалдауға арналған. Өткен жылдың қараша айында автокөлік Астана-Көкшетау тасжолында, Ақкөл қаласының маңында істен шығып, астанаға эвакуатормен жеткізілген. Кейінірек Renault маркалы автокөлікті Қазақстанға тасымалдаушы арнайы өкіл, «Аstek-auto» сервис-орталығының маманы автокөліктің бұзылу себебі автоматты айдау қорабының істен шығуы екендігін анықтады.

Авто сервис-орталығында үш айдан астам уақыт тұрған. Автокөлік иесінің айтуынша, берілген кепілдікте ақауды ауыстыру және жою үшін уақыт қарастырылғанымен, орталық мамандары түрлі себептермен жағдайды барынша созып, дөрекілік көрсеткен. Кәсіпкер сервис-орталығының басшылығына автокөлікті жұмысқа жарамды жағдайда қайтаруды талап етіп хат жазған, алайда бұл хатына жауап алмаған. Аталған жағдайда Қанат Сәдуақасов таныстарының ұсынысымен Кәсіпкерлер палатасына жүгініп, палата сарапшылары көмек көрсетті.

Сарапшылар бірден бірнеше мекеме: «Рено Россия» ЖАҚ, «Автоцентр «Евразия» ЖШҚ, «Фаворит моторс» ЖШС атына сұраныстар жіберген. Сонымен қатар бір уақытта «Аstek-auto» ЖШС-мен де келіссөздер жүргізген. Нәтижесінде, автосалонның сол уақытта түпнұсқаның болмауы себебінен клиентке балама қосалқы бөлшек ұсынатындығы туралы келісімге қол жеткізілді. Сонымен бірге кәсіпкермен соның аясында автодиллер қосалқы бөлшек келгеннен кейін, орын алған олқылықтарды жоюға міндеттенетін қосымша келісім жасалған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер