«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шемішке қауыздары кәдеге жарады

2016 жылғы 11 Сәуір
- Ақмола облысы
10601 просмотров

Өндіріс қалдықтары үй бизнесінің демеуіне айналды

ӨКП Атбасардағы филиалына жаңадан іс бастаған кәсіпкер Земфира Бадалова ерекше өтінішпен: шемішке қабықтарын сатып алуда қолдау сұрай келді. Шындығына келгенде күнбағыс дәндерінің қауыздарының пайдасы көл-көсір болып шықты. Оны қоспажемге қосатын қоспа ретінде, тыңайтқыш ретінде, биоотын өндіруде және т.б. қолданады.

Сонымен бірге, күнбағыс дәндерінің қауыздарын саңырауқұлақ өсіруге пайдаланады. Земфира Бадалованың қолында тиісті тапсырма, қажетті температураны ұстап тұруға арналған арнайы жабдық,  кварцтауға арналған лампалар секілді бизнес бастау үшін қажеттінің бәрі болған. Өкінішке қарай, негізгі компонент – саңырауқұлақ өсіруге арналған субстрат – вешенкалардың болмауы қолға байлау болған. Негізі, оны өндіру үшін сабан да жарайды. Бірақ сабанды өңдеу үшін шабу, буландыру, кептіру, қаптарға салу, микробтардан тазалау және т.б. қажет. Сондықтан шемішке қауызы анағұрлым оңтайлы және тиімді болып отыр.

Атбасар ауданындағы күнбағыс майын өндіретін «Сочинское» ЖШС-да шемішке қауызы жетіп артылады. Кәсіпорын күнбағысты өңдеуден өткізген соң шемішке қабықтарын өз шаруашылық қажеттіліктеріне жұмсайды. ӨКП филиалының директоры Ерлан Қаппасов «Сочинское» ЖШС басшылығынан жаңадан іс бастаған кәсіпкердің бизнес-идеясын іске асыруға қол ұшын созуды сұраған. Компания ұсынысты қуана-қуана қабыл алды. Осылайша Бадаловаға маусым сайын 50 қап қауыз берілетін болды.

Бүгінгі күні жоба іске қосылды. Бастаушы бизнесвумен Палата сарапшыларына өз алғысын білдіріп отыр. «Мәселенің оң шешімін тапқаны көңіл қуантады. Енді саңырауқұлақтарға арналған компосттарды қайдан табам деп бас қатырмай-ақ сүйікті ісіммен айналысуға мүмкіндік бар», – дейді ол. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер