«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бірлесе жұмыс жасау тиімді

2016 жылғы 27 Сәуір
- Ақмола облысы
8236 просмотров

Астрахань ауданында ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерінің саны артып келеді

АӨК санын барынша көбейту көзделіп отыр. Бұл туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Астрахань филиалы сарапшыларының шаруа және фермерлік қожалықтар басшыларымен, мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесу барысында мәлім болды. ӨКП филиал директоры Асхат Бейсенбеновтің айтуынша, талқыланған басты тақырып – бұрынырақта құрылған ауылдық тұтынушы кооперативтерінің ҚР «Ауылшаруашылық кооперативтері туралы» жаңа заң аясында қайта тіркеу мәселесі.

Бүгінгі күні өңірде он бес тұтынушы кооператив жұмыс жасап отыр. Олардың барлығы да көбінесе мал шаруашылығы, жекелей алғанда, асыл тұқымды ірі қара мал басын арттыруға маманданған. Таяуда тағы мұндай үш кооператив ашылмақшы.

«Барлығымызға белгілі, бұрын АӨК коммерциялық емес ұйым болып саналып, кәсіпкерлік қызметпен айналыса алмайтын, сәйкесінше, табыс та таба алмаған. Ал бүгін, жаңа заңнама аясында ауылшаруашылық өндірістік кооперативтеріне қатысушылардың табыс тауып қана қоймай, оны өзара бөлісіп алуға да мүмкіндіктері бар. Дәл осы фактор айқындаушы болып отыр», – деді жаңа кооперативті ұйымдастырушы ауыл тұрғыны Юрий Райнгардт.

Бүгінгі күні 70-ке тарта тұрғын жаңадан құрылған ауылшаруашылық кооперативіне кіруге ниет танытып отыр. Бұдан кейін фермер АӨК базасында субсидиялар есебінен сүт-тауарлық ферма ашуды көздеп отыр. ӨКП филиалы сарапшылары жобаны қолдауды өз мойнына алды. 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер