«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жемқорлықты жеңу жолында

2016 жылғы 26 Мамыр
- Ақмола облысы
7427 просмотров

Ақмола облыстық кәсіпкерлер форумына қатысушылар жемқорлыққа қарсы әрекет ету үшін бірлесе жұмыс жасауға келісті

Форумды өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Мемлекеттік істер министрлігінің аумақтық департаменті ұйымдастырған.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрі Талғат Донақов бизнестің дамуына кедергі келтіретін жүйелі проблемалар мен түйткілдерді анықтау, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерінің бұзылуын болдырмау шараларын қабылдау мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге отырғаны белгілі.

Осыған байланысты, форум талқылауына берілген бизнес-ортадағы жемқорлыққа қарсы модельді қалыптастыру, жемқорлықтың туындауына мүмкіндік беретін себептер мен шарттарды болдырмауға кәсіпкерлердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету, әкімшілік кедергілерді азайту және т.б. мәселелер өзекті болды.

Кәсіпкерлер өз қызмет түріне қарай мемлекеттік орган өкілдерімен ұдайы өзара әрекеттестікте болуға мәжбүр. Мысалы, өз бастамаларын ұсынуға, сұрау салуға, проблемалармен бөлісуге және т.б. Мұндай диалогтың жемқорлық деректерін тудырмауы мүмкін емес.

Мемлекеттік қызмет істері бойынша облыстық департаменті басшысы Қуаныш Жапақовтың айтуынша, былтырғы жыл мен биылғы жылдың бес айы бойынша ведомство 20 мемлекеттік мекемеде жемқорлық қауіптерінің талдауын жасаған. Оның нәтижелері бойынша, мұндай 215 дерек анықталған. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында – 141 дерек, бақылау функциялары саласында – 17, ал рұқсат беру бойынша – 5 дерек белгілі болған.

Өңірлік палата мен мемлекеттік қызмет департаменті жемісті әрі тиімді жұмыс атқаруда. Өзара әрекеттестік аясында Палата сарапшылары жемқорлық қауіп-қатерлер талдауын жүргізуге қатысады. Бизнесмендер мүдделерін қорғайтын бірлескен шаралар, қоғамдық тыңдалымдар кезінде  департамент өкілдері қолынан келгенше ақпараттық, кеңес беру, әдіснамалық көмектерін аямайды. Қуаныш Жапақов Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес мүшесі екенін айта кету керек. Оның қатысуы арқылы, көп жағдайда, көптеген проблемалық мәселелер тез арада шешімін тауып отырады.

ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Валентина Геращенко Палата заңгерлері атқарып отырған жұмыс туралы әңгімелей келе, тікелей форум қатысушыларына кей жағдайда жемқорлық заңбұзушылықтар көбінесе латентті сипатта болатынын айтты. Кәсіпкерлер көбіне лауазымды тұлғалар тарапынан көрген қысымы туралы айтуға қорқады, осылайша, олар мұндай іс-әрекет олардың қызметіне, жалпы барлық кәсіпкерлік қоғамдастығына айтарлықтай залал келтіретінін ұмытады.

«Палатаның құрылған кезінен бастап бизнесті қорғау бойынша 1400 шағым түскен, олардың әрбір үшіншісі оң шешімін тапқан. Биыл жыл басынан бері шамамен 100-ге тарта шағым келіп түсіп, олардың жартысы шешімін тапты», – деген мәлімет келтірді Валентина Геращенко.

Мемлекеттік сатып алуларға қатысу, жер телімдерін беру, өндірісті дамыту үшін субсидиялар, мемлекеттік қызметтер көрсету – бұл бизнес-ортаның әр өкілі алдында ұшырасатын көп мәселелердің аз бөлігі ғана. Қуаныш Жапақов түрлі тендерлер мен байқаулардың өту жағдайларын туралы пікір айта келе: «Оларға қатысушылар мен қылмыс арасы тым жақын», – екенін еске салды. Өзекті мәселелерді көтерген форум қатысушылары ортақ күш сала отырып, олардың шешімін табуға тырысты. Олардың көбі табысқа жету тарихымен бөлісіп, қалыптасу және даму жолындағы қиындықтары туралы айтты. Пікірталас қатысушылар үшін пайдалы болды. Олар заң барлығы үшін бірдей болуы тиіс деген қорытындыға келді. Мемлекеттік органдар өкілдері конструктивті диалогқа әрқашан дайын екенін айтты. Кәсіпкерлер құқықтық мәдениетті сақтауда анағұрлым белсенділік таныту қажет екенін айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер