«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Картаның көмегі көп

2016 жылғы 27 Мамыр
- Ақмола облысы
7687 просмотров

Ақмолалық бизнесмендерге Өңірлік даму картасы таныстырылды

Бұл ауқымды жоба жасалар алдында үлкен жұмыс атқарылғанын атап айту қажет. Өңірлер бойынша экономикалық мәліметтер зерттелді (инфрақұрылым, адам ресурстары, қаржыландыруға қол жеткізу – даму бағдарламалары мен мемлекеттік қолдау, өткізу нарығы, жобалық бастамалар (әлеуетті жобалар), перспективалы өндірістер мен тағы басқалары.

Бүгінде карта көрнекі түрге ие болды, www.businessmap.kz жаңа порталы  құрылды, оған «Атамекен» ҚР ҰКП сайтында еркін кіруге болады.  

«Бизнес үшін Карта бағдарға айналуы тиіс. Жай сөзбен айтқанда, онда бүкіл қажетті ақпарат түрлі факторларды ескере отырып, жинақталған. «Картада өңірлердің салалық мамандануы, ресурстық әлеует, өткізу нарығы, инфрақұрылымның болуы, кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі, әкімшілік кедергілер,  кадрлық әлеует және т.б. көрініс тапқан», – деп атап өтті «АИРИ» ЖШС директоры Ерлан Хасенбеков.

Жергілікті атқару органдары үшін карта инфрақұрылымды, әлеуметтік объектілерді дамытуға бағытталған бюджеттік шығындарды жоспарлау, территорияларды абаттандыру, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету  кезінде көмекке келеді. Екінші деңгейлі банктер үшін – түрлі жобаларды қаржыландыру кезінде қажет. Ал, әлеуетті инвесторлар үшін жоба инвестициялар салымының ықтимал перспективаларын айқындау кезінде бағыт-бағдар табуға көмектеседі.

Карта жергілікті аудиторияның қызығушылығын тудырды. «Енді бізде қандай игерілмеген нарықтар бар, қаражатты қайда салу керек, қандай жағдайлар жасалған және т.б. туралы түсінік, көрнекі дәлел бар», – деді Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының басшысы Аслан Қасенов.

Реті келгенде айта кеткен жөн, қазірдің өзінде жұмысқа ақмолалық кәсіпкерлердің тоғыз жобасы қабылданды. Олар негізінен, өңірдің ерекшелігіне орай, сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, түйетауық өсіру жөніндегі кешеннің құрылысы, сүт-тауарлы ферма салу және оны іске қосу, төрт түлікке арналған жем өндіру және т.б. АӨК саласын қамтиды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер