«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көмек қажет болса, Палатаға келіңіз!

2016 жылғы 21 Маусым
- Ақмола облысы
7048 просмотров

Жергілікті кәсіпкер Сағындық Күлбаевтың Ерейментау қаласында ашқан диспетчерлік қызметінің құрылғанына салыстырмалы түрде аз уақыт өтсе де, ол көпшілікке танымал әрі сұранысқа ие

«Ақжол Ерейментау» қызметі 2014 жылы құрылған, ол өңір тұрғындарына жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетеді. Автопаркте такси түріндегі бес жеңіл автокөлік пен бір автобус бар. Диспетчерлік қызмет ғимараты, қажетті жабдық пен автобус үшін кәсіпкер өз қаражатын жұмсаған (шамамен 5 млн теңге). Екі жыл ішінде «Күлбаев» ЖК 80 000-нан астам жолаушыға қызмет көрсеткен.

Биылғы жылдың сәуір айында Сағындық Күлбаев такси жүргізушілерін тексерумен айналысатын аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына шағым айтып, ӨКП-ға жүгінген. Кәсіпкердің пікірінше, тексерістер негізсіз әрі дәлелсіз жүргізілген. 

Филиал сарапшылары мемлекеттік орган атына жолаушылар тасымалы саласындағы кәсіпкерлер мүддесіне қысым жасауды болдырмау мақсатында тексерістер сызбасы мен тәсілдерін жасап шығару ұсынысын тастады. Алайда ӨКПФ сарапшыларына аудандық ведомстводан жауап келмеді. Бұдан кейін де прокуратура мемлекеттік орган әрекеттерінен ешқандай заңбұзушылық таппапты.

Мәселе түйіні тек филиал директоры Серікбай Көшкінбаев пен аудандық ведомтство басшылығы кездескеннен соң ғана оң шешімін тапқан. Нәтижесінде, мұндай тексеру тәсілдерін такси жүргізушілеріне қатысты жүргізбеу шешімі қабылданды.

Кәсіпкер көп уақыт өтпей Палатаға тағы жүгінеді. Бұл жолы ол облыстық жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасына қатысты жағдайды реттеу туралы өтінішпен келген. Ол басқармаға рұқсат құжаттарын алу үшін жүгінген болатын. Оқиғаның мән-жайына қаныққан сарапшылар бұл жолы да кәсіпкерге көмектесті. Олар бөлек тізім жасап, одан кейін қалааралық тасымалға рұқсат алуға қажетті құжаттарды жинауға жәрдем берді.

Күлбаевтың жоспарында тағы екі автобус сатып алып, қызмет аясын кеңейту үшін бес жеңіл автокөлік иелерімен келісім-шартқа отыру бар. Бүгінгі күні барлық жобалар Палата бақылауында және сарапшылардың толық қолдауына ие болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер