«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті кеңейтуге жеңілдікпен несие берілді

2016 жылғы 12 Шілде
- Ақмола облысы
7971 просмотров

Егіндікөл ауданы Алакөл ауылы тұрғыны ағаш мен темірден бірегей бұйымдар жасайды

Сергей Староверов Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалына осы жылдың көктемінде алғаш рет өтініш білдірді. Сауда саласында жұмыс істеп тұрған бизнесі, тәжірибесі бар ол қосымша, нақтылай айтсақ, ағаш пен темірден әр түрлі бұйымдар (қашалар, орындықтар, сатылар, күркелер, т.б.) жасайтын өндіріс ашпақшы болды.

Егіндікөл КПО кеңесшілері кәсіпкерге «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында мемлекеттік қолдау алуға мүмкіндігі бар екенін айтты. Сонымен қатар олар жобаға толығымен қолдау көрсетуді өз мойындарына алды.

Астана қаласы Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры несиеге өтінімді ойдағыдай  мақұлдады. Кәсіпкер 2 миллион теңге  жеңілдікті қарыз алды. Алынған қаржыға қажетті жабдық – тегістегіш машинка, кесу станогын, дәнекерлеуші аппарат сатып алды. Шикізатты елорданың құрылыс базарларынан алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер