«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сәтімен қолға алынған бастама

2016 жылғы 13 Шілде
- Ақмола облысы
6429 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының көмегі арқасында ауыл тұрғыны өз ісін жолға қойды

Қорғалжын ауданы тұрғыны Сайлаубек Қуаныш өңірде жаңа бизнес түрін – пластик терезелер дайындау мен орнату жұмыстарын ұйымдастыруды ұйғарды. Оның бұл бастамасын жүзеге асыруға  өңірлік Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалы көмектесті.

«Ең бастысы, қаржы бар, алайда болашақ қызметтің бағытына келгенде өтінім беруші қиналды. Біз оған бағытын айқындауға көмектестік, пластик терезелер дайындау және орнату цехын ашыңыз деген бизнес-идея ұсындық. Бизнестің бұл түріне сұраныс көп, өйткені мұнда бәсекелестік өте аз», – дейді ӨКП Қорғалжын ауданы филиалының директоры Мадияр Ахметжанов. 

КҚО кеңесшілері бизнес-жоспарды бағаларды, көлемді, өңір ерекшелігін есепке ала отырып жасады. Цех салу үшін жалға алынған алаңға заңды құжаттарды рәсімдеу, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар жүргізу бойынша белгілі бір қиыншылықтар болды. Дегенмен Палата филиалының сарапшылары жергілікті билікпен бірге бұл мәселелерді де шеше білді.

Бос алаңдары бар бизнес субъектілерімен келіскен Палата сарапшылары кәсіпкердің цехы үшін бөлме-жай табуға көмектескенін, жыл бойы жалға алу тегін болатындығын айта кеткен жөн. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер