«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өзара жемісті ынтымақтастық

2016 жылғы 19 Шілде
- Ақмола облысы
6571 просмотров

Палатаның Жарқайың аудандық филиалы 166/26 мекемесімен бірлесіп, ынтымақтастық туралы меморандум аясында, «Колониялардағыларды жұмысқа қамту-2017» бағдарламасын жүзеге асырумен айналысады

Еске салсақ, жоба жазаға тартылғандарды жұмысқа қамту мәселесін шешу мақсатында жұмыс жасайды. Алға қойған міндеті – 2018 жылға дейін  абақтыдағы жұмысшылар санын 75%-ға дейін көбейту. 

Филиал сарапшылары жабық мекемеде дөңгелек үстел ұйымдастыруға ұйытқы болды, бұған ауданның кәсіпкерлері шақырылды. Тараптар ұйым аумағында өндіріс құру мүмкіндіктері мен жағдайларын талқылады.

«Алдымызға бірнеше мақсат қойдық. Біріншіден, жоба жазаға тартылғандарды одан әрі әлеуметтік бейімдеу мен еңбекпен қамтуды жақсартуға бағытталған. Өндірісте жұмыс істей жүріп, олар, сот шешімі бойынша өндірістің бірқатар міндетті төлемдерін жүргізе алады, сонымен қатар отбасына көмек ретінде еңбекақысын жөнелте алады. Сондай-ақ бизнес субъектілерінің жеке бастамаларды жүзеге асыру жөнінде белгілі бір ойлары бар», – дейді ӨКП Жарқайың аудандық филиалының директоры Абай Сұрағанов.  

Кәсіпкерлерге мекеме аумағындағы өндірісті дамытуға қаржы құю ұсынылған кезде, олар бастапқыда сақтық танытты, оған ден қоя қоймады.  Алайда кездесу және мекемені аралау барысында өз пікірлерін өзгертті. Қазіргі таңда бірнеше бизнесмендер ынтымақтасуға пейіл және мәмілелер жасауға әзір. Оларға тиімді шарттар ұнайды: бөлме-жайды жалға алу мөлшерлемесі нөл, еңбекке ақы төлеу мөлшері аз, шикізат пен дайын өнім сақтау кепілді.

Шарт жасалған жағдайда  тапсырыс беруші-кәсіпкер өз тарапынан  белгілі бір өндіріске қажетті шикізат жеткізеді. Бұлар –  блоктар  мен басқа құрылыс материалдарын дайындауға арналған цемент, тігін цехына арналған маталар, сондай-ақ шеберханаға арналған пиломатериалдар.

Филиал сарапшысы Абай Сұрағановтың сөзіне қарағанда, олар жобаларды қолдауды өз мойындарына алады, қажетті ақпаратты, мекеме аумағындағы жабдықтың техникалық ерекшелігін ұсынады, сондай-ақ бизнес-жоспар жасауға көмектеседі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер