«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астрахандық варениктер

2016 жылғы 20 Шілде
- Ақмола облысы
7519 просмотров

Астрахан ауданының шалғайындағы елді мекенде жеке кәсіпкер Зухра Нальгиева жартылай фабрикаттар өндірісін іске қосты

Бизнес алыс ауылдарға да жетті. Первомайка ауылы аудан орталығынан қашықта орналасқан, оған тек ауылдың қара жолымен әрең жетесің.

«Басқа жартылай фабрикаттар вареник пен тұшпара секілді кең таралмаған. Бұл асты кез келген үйдің дастарқанынан табасыз. Сондықтан оларға деген сұраныс көп болады деген сенімдемін», – дейді Зухра Нальгиева.

Он жылдан аса кәсіпкерлікпен айналысқан ол жаңа ісінің барлық жағымды-жағымсыз тұстарын белгілеп, анықтап алған. Өз ісін ешбір несиесіз, тек қалтасынан шығарған қаржымен бастап кетті.

Алдымен лайықты ғимарат тапты. Мұздатқыштар сатып алды. Сосын нан илейтін құрылғы, вакуумды орағыш жабдық, басқа да керекті заттарды сатып алды.

Бар қиындық құжат рәсімдеу кезінде басталды. Бұл мәселені кәсіпкер Палатаның өңірлік филиалына келіп айтты. Олар оған керекті құжаттарын реттеп беруге көмектесті. Яғни, сәйкестік декларациясын, штрих-код, санэпидстансаның рұқсат қағазын алды.

Кәсіпкер ханымның есептеуінше, кәсіпті ашуға 3 миллион теңгедей қаржы кеткен. Ашылу салтанаты осы айдың соңында болмақ. Өндіріс өнімін кәсіпкер ханым аудан аумағына және Астанаға апарып сатпақшы. Ары қарай кәсібін ұлғайтып, шұжық жасап шығаруды жоспарлап отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер