«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қабылданды. Қаралды. Шешіледі

2016 жылғы 01 Тамыз
- Ақмола облысы
8404 просмотров

Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау Кеңесінің отырысы барысында кәсіпкерлердің бірқатар сұрақтары талқыланды

ӨКП директорының орынбасары Валентина Геращенконың ақпараты бойынша, есеп берілген  кезең аралығында 5 отырыс өткізілген. «Expo TASS – 2017» ЖШС жағдайы осы күнге дейін шешілмеген мәселелер қатарында.

Аршалы ауданының әкімдігі жер телімін басқа шаруа қожалықтардың біріне беруіне байланысты, аталған кәсіпорын жер ала алмайды. Осыған байланысты бірлестіктің пайдалы қазбаларды өндіру ісіне кірісуге мүмкіндігі жоқ. Осы тақырыптың аясында топтасқан жағдайлар, осылайша, шешілмес түйінге айналып отыр. Жер қойнауын пайдалану келісімшартының жойылып кету қаупі бар. Өткен отырыста облыс әкіміне хат жолдау керек деген шешім шықты. Және бұл шешім толық орындалды. Бірақ, әзірге бірқатар жайттарға байланысты, жағдай өзгерген жоқ. Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасының шартты бұзуға арналған сұранысы күшінде қалды.

ӨКП сарапшылары бұл істі қисынды аяқтауды көздеп отыр. Оның үстіне бұл іс бизнес-омбудсменнің бақылауында. «Есіл» ӘКК» ҰК» АҚ-ға (келісімшарт тараптардың бiрi) «Экспо ТАСС 2017» мәселесі бойынша сот органдарына тиісті шағым жіберу ұсынылды.

Әрі қарай бірден үш аудан бойынша кәсіпкерлердің мәселелері қарастырылды. Бурабай ауданының кәсіпкерлері пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың көлеміне шағым айтты, олардың жағдайында жерасты сулары да қосылады. Осы өзгерістерге байланысты кәсіпкерлердің төлем мөлшерлемелері есе артып, біраз салмақ салып отыр. «Азамбаева» ЖК бастығының айтуынша, егер бұрындары бір тоқсаны 5 мың теңге көлемінде болса, қазір 250 мың теңге төлеуі тиіс. Ұзақ талқылаудан кейін, бұл мәселелерді ҰҚП кәсіпкерлерінің күрделі мәселелер тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды.

Еңбекшілдер ауданының «Қазгерқұс» бірлестігі өз сауалдарымен Палатаға бұрында да жүгінген екен. Оған себеп, көлік құралдарына сыртқы жарнамаларын орналастыру бойынша рұқсат алу болатын. Қадағалау органдарының тексеруі барысында "Қазгер-Құс" ЖШС өтініштеріне байланысты дәлелдер де көрсетілген. Прокуролардың тарапынан Еңбекшілдер ауданының әкімінің атына заң бұзушылықты жою туралы нұсқау берілген. Алайда, жарнамаларды орналастыруға байланысты рұқсат әлі берілмеген. Нәтижесінде, Еңбекшілдер ауданының әкімдігіне көлік құралдарында сыртқы жарнама орналастыруға рұқсат беретін жауапты бөлімді анықтауға және прокуратура анықтаған нұсқаулықты орындау бойынша ұсыныстар берілді.

Облыстық прокуратураға Еңбекшілдер ауданының әкімдігінің Еңбекшілдер ауданының прокурорлары анықтаған нұсқаулықтарын орындауын қадағалауды тапсырды.

Зеренді ауданының кәсіпкері Алик Шүкенов та осындай шешімі табылмаған мәселеге тап болған. Міне, 1 жылдан астам уақыт мемлекеттік органдарға хат жазумен келеді. Кәсіпкер бір кездері қосалқы шаруашылық саласын дамыту үшін  үш жылға 0,0204 га жерді жалға алған екен. Әрі қарай, ол қаржы институттарының қолдауымен, жоспарланған мақсатын сауда және аспаздық цехтардың құрылысын бастау үшін өзгертеді. Бірақ, осы мәселе бойынша құзырлы органдарға жүгінгенімен, оған бас тартады. Құзырлы орындардың бас тартуының себебі, жер көлемі 0,10 га кем болмауы тиіс екен. Алайда, Кеңес отырысы барысында 1000 адам тұрғыны бар аумақта бұл жағдай ережеге сай екені анықталды. Ал, Қонысбай ауылдық округінде 800 адам тұратынын ескере кеткен жөн. Зеренді ауданының әкімшілігіне бұл жағдайды толық зерттеп, мәселенің шешімін табу жүктелді. Жиынға қатысушылардың алдында Зеренді ауданының әкімінің орынбасары Ербол Жүсіпбеков  бұл мәселенің шешімі табылатынын жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер