«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық инспекторы себепсіз тексерген

2017 жылғы 17 Қаңтар
- Ақмола облысы
6736 просмотров

«АLFA NOVA» ЖШС өңірлік Палатаға салық инспекторларының құқыққа қайшы әрекеттері туралы шағымданды

Былтыр қараша айында Г.Әміреев компанияның толық жарғылық капиталына қол жеткізген. Ол осыған байланысты Көкшетау қаласының Әділет басқармасына тіркелу үшін құжат тапсырады.

Келесі күні-ақ оған қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілерді тіркеу бөлімінің басшысы В.Попович телефон соғып, өзіне шақырған. «Келе сала, ол мені МКБ басшысының орынбасары К.Әлімовқа ертіп барды. Екеулеп сұрақтың астына алды: қайдан алдың, не алдың, қандай мақсатпен? Мен оларға бәрін ауызша түсіндірдім. Сол кезде мен салық басқармасының шақырту себебін түсінбей дал болдым», – дейді кәсіпкер.

Г.Әмірееваның айтуынша, бір айдан соң, МКБ бас маманы Б.Досахова алдын ала ескертпестен, өзінің әріптесімен бірге оның үйінің аумағына рұқсатсыз  кіріп, тексеру жүргізген. Сосын олар ұялы телефон арқылы кәсіпкермен байланысқан.

Г.Әміреевтің түсіндіруі бойынша, ол компания кеңсесі жалға алынған ғимаратта орналасқандықтан, олардан сол мекенжайға келулерін өтінген. МКБ қызметкерлері келген кезде, кәсіпкер заңға сәйкес, тексеру жүргізуге берілген рұқсат қағаз бен  қызметтік куәлікті көрсетуді сұрайды.

Куәлікті тек Б.Досахова ғана көрсетіп, ол  өз басшылығының ауызша тапсырмасы аясында жұмыс жасап жатқанын түсіндіреді. В.Попович телефон арқылы хабарласып, барлық сұрақтардың жауабын бір ай бұрын мемлекеттік кірістер басқармасындағы кездесу барысында бергенін айтқан.

«Мен сол кезде де, қазірде де шенеуніктерден ешқандай түсіндірме естігенім жоқ», – дейді Г.Әміреев.

Палатаның сарапшылары  Ақмола облысының Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросына сауал жолдады. Өз кезегінде жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік кірістер органына өз қызметкерлерінің әрекетіне қатысты тексеріс өткізуді ұсынды. 

МКД істі зерттеп,  нәтижесінде қызметтік тергеу жүргізген, оның қорытындысы бойынша жауапты тұлғалар заңбұзушылықтарға жол бергені, сондай-ақ жұмысты әлсіз ұйымдастырғаны, тиісті бақылаудың жоқтығы үшін тәртіптік жазаға тартылды.

Сонымен бірге,  Көкшетау қаласының МКБ басшылығына алдағы уақытта осыған ұқсас деректерді болдырмау үшін, тиісті шаралар қабылдауды ескертті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер