«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Судың да сұрауы бар дегенмен..

2017 жылғы 19 Қаңтар
- Ақмола облысы
6991 просмотров

Бурабай аудандық прокуратурасы «Бурабай Су Арнасы» ШЖҚ РМК (шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық-мемлекеттік кәсіпорнының) әрекетін заңсыз деп таныды

Естеріңізге сала кетейік, коммуналдық шаруашылық бірқатар қоғамдық тамақтандыру нысандары аумағындағы ағын суларды өз бетінше тексеріп, қосымша тазалау жұмыстарын жүргізгені үшін, кәсіпкерлерден ақылға сыймайтын төлемақы талап еткен. Онымен қоймай, компания кәсіпкерлік нысандарының су жүйесін ағытып тастап, төлемақыны тезірек төлеуге, болмаса кепілхатқа қол қоюға мәжбүрлеген.

«Бурабай Су Арнасы» компаниясының Щучинск қаласы кәсіпкерлерінен қосымша тазалау жұмыстарын жүргізгені үшін, төлемақы талап етіп, хабарлама жіберуі заңға қайшы келеді.  Оның үстінен төлемақы туралы есеп-хабарлама қызмет көрсететін кәсіпорындарға ғана жіберілген, ал қалған санаттарға (мемлекеттік органдар, тұрғын үйлер және тағы басқа) мұндай тексеріс жүргізілмеген», – дейді аудан прокуроры Дархан Аманбай. 

Қадағалау органдарының өкілдері өңірлік Палата сарапшыларының тұжырымымен келіседі, Елдімекендердегі су тарту жүйесіне ағын суларды қабылдау туралы ережеде ағын суларды қабылдау тәртібі ғана жазылған, онда тазалау жұмыстарына қатысты қандай да бір төлемдер туралы сөз жоқ.

Бұл норма тек 2016 жылы ағын суларды Бурабай ауданындағы су тарту жүйесіне қабылдау туралы шартта бекітілген.

«Алайда ағын суларды қабылдау жөнінде қандай да бір шарт әзірлеуге қажет нормалар ережелерде де қарастырылмаған. Оның үстінен,  «ҚР жергілікті басқару және өзін өзі басқару туралы» заңының 31-бабына сәйкес, аудан әкімі мұндай мәселелерге араласа алмайды», – деді Дархан Аманбай.

Аудан прокуроры жергілікті атқарушы орган өкілдеріне коммуналдық кәсіпорынның ағын суларды қабылдау қызметін қайта қарауды және орын алған заңбұзушылықты жоюды, сондай-ақ ағын суларды қосымша тазалау жұмыстары үшін төлемақы төлеу туралы жіберген хабарламаны қайтарып алу және қабылдау шарттарын өзгерту мәселесін шешуді тапсырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер