«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысындағы жеке фермерлік қожалықтар кооперативке бірікті

2017 жылғы 12 Мамыр
- Ақмола облысы
10223 просмотров

Ақмола облысы Сандықтау ауданында бірден екі ауыл шаруашылығы кооперативі ашылды

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясын құру жұмысы Өңірлік палата басымдық танытқан бағыттардың бірі.  Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жыл соңына дейін 70 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру тапсырмасы қойылған.

Шағын фермерлік қожалықтар біріге отырып, «Ақниет» және «Абай-2017» деп аталатын екі кооператив құрды. Екі кооператив те сүт өндіру бағытында, әрқайсысында 20-дан астам адам жұмысқа тартылған.

«Әлеуметтік кәсіпкерлік кооперативі тікелей біздің араласуымызбен ашылды. Құжат жинау барысында құрылтайшылар біздің филиалға көмек сұрап жүгінді. Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығының кеңес беретін мамандары бизнес-жоспарын құруға, кооперация қатысушыларын әділет органында тіркеуге көмектесіп, жобаны сүйемелдеу жұмысын толық өз мойындарына алған», – деп атап өтті Сандықтау ауданындағы ӨКП филиалының директоры Раушан Аяпбергенова.

Палата сарапшыларының қолдауымен қос қожалықтың басшылары сүт жеткізу үшін Көкшетау сүт зауытымен келісім жүргізген, бұл дегеніміз облыс орталығы мен таяу маңдағы елдімекендер нарығын табиғи таза өніммен қамтамасыз етіледі.

Алайда, Раушан Аяпбергенованың айтуынша, жергілікті фермерлер соншалықты оптимистік танытып отырған жоқ.

«Негізгі мәселе адамдардың ауыл шаруашылығы кооперациясын құруға қатысты бағдарламаларын түсінбеуінен, бір бірінен жауапкершілікке тартуға ынта білдірмеуінен туындайды. Бұдан өзге, тұқымды бұқаларды бағуға, мал жайылымы мен басқа да факторларға қатысты барлық шығынды қаржыландыруға кететін шығынды қаржыландыру секілді субсидияға қол жеткізу де жауапсыз тұр», - деп түсіндірді филиал директоры.

Сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік кооперативін құрудың мультипликативтік нәтижесі бар: жаңа жұмыс орындары, сүтті қайта өңдеуде өндіріс қуаттылығы жоғарылайды, ауыл тұрғындарының әл-ауқаты артып, сапалы табиғи өнімның саны арта түседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер