«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында 30 компанияның тауарлары сапа бақылауында

2017 жылғы 03 Шілде
- Ақмола облысы
4566 просмотров

Көкшетауда 4 шілде күні «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтеді

Еске салсақ, бұл байқауды ұйымдастыруды 2015 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолға алды, ал аймақтарда өңірлік палаталар өткізеді. Байқауға қатысудың басты белгілері ретінде шығарылатын өнімнің сапасы облыстық деңгейде жетістікке жетуі, сапа бақылауында тиімділігі жоғары тәсілдері қолдану, халықаралық стандартты енгізу, тұтынушылар сұранысын қанағаттандыру саналады.

Биыл Ақмола облысында өңірлік көрме-байқауына қатысуға 30 компания өтінім білдірген. Олардың көбі қала құрылысымен айналысатын кәсіпорындар және сапа менеджментінің жоғары сапасына ие. Атап айтқанда, Агрофирма ТНК» ЖШС, «Гормолзавод» ЖШС,  «ТОО «ENKI» ЖШС, «КАМАЗ-инжиниринг» АҚ, «Новопэк» ЖШС және тағы басқалар. Мысалы, «Агрофирма ТНК» ЖШС, «ТОО «ENKI» ЖШС, «CAPITAL PROJECTS LTD» ЖШС – өткен жылғы өатысушылар ғана емес, жүлделі орын иегерлері.

«Былтыр, араға көп жыл салғаннан кейін (2012 ж), Ақмола облысының бірнеше компаниялары үздік байқауларда жүлделі аталымдарға ие болды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иелену байқауының аясында, кәсіпорындардың арасында үздік, халыққа арнап тауар шығаратын компаниялар қатарында «Агрофирма TNK» ЖШС үздік деп танылды. Сонымен қатар өңірдегі «CAPITAL PROJECTS LTD» ЖШС «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауында «Үздік азық-түлік тауары» аталымы бойынша ІІ дәрежелі дипломант атанды», – деп хабарлады ӨКП Кәсіпкерлікті қаржысыз қолдау бөлімінің басшысы Марат Алтынбеков.

Байқау жеңімпаздарын «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауар», «Үздік азық-түлік тауары» аталымдары бойынша анықтайды.

«Үздік азық-түлік тауары» аталымында мықтылығын дәлелдеуге 15 компания өтінім берген, ал «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» шығаратын 8 компания бақ сынасады, сондай-ақ «Халыққа арналған үздік тауар» аталымын алуға 7 компания қатысады.

Көрмеге тағам, жеңіл өнеркәсіп, өңдеу және құрылыс саласы, өнеркәсіптік жабдық шығаратын компаниялардың тауарлары қойылады.

Өтетін орны: Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі, 90, «Көкшетау» мәдениет үйі. Анықтама телефоны: +7(7162) 72-24-88

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер