«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысындағы гүл экспорттайтын жалғыз кәсіпкер дабыл қақты

2017 жылғы 26 Қыркүйек
- Ақмола облысы
8886 просмотров

Экспорттаушылар карантиндік сертификаттарды берудің мерзімін қысқартуды сұрап отыр

«Құнарлы» ЖШС өнімдер Қазақстанның гүл нарығында өз орнын иеленген. Жылыжай кешенінде 2007 жылдан бері раушан, жауқазын гүлдері өсіріледі. Жыл сайын 5,5 млн гүл өсіріліп, оның 10% экспортқа шығарылады.

Бүгінде Степногор раушаны өзіндік бренд ретінде қалыптасты. Жылыжай технологиясының арқасында мұнда раушан гүлінің 20 сұрыптық түрі өсіріледі. Оның ішінде ақ, қызыл, алқызыл, ақсары, сары секілді түстері бар.

Алайда кәсіпорынның бас директоры Наталья Намның айтуынша біраз уақыттан бері гүл өндірісіне қауіп төнген. Барлығына карантиндік және фитосанитарлық сертификаттарды алу процедурасының ұзақтығы себепші болып отырғанын айтады.

«Өнім салынған мұздатқышы бар әрбір автокөлікті тексеру үш күннен бес күнге дейін созылады. Раушан гүлдерінің өсуінің физиологиялық ерекшеліктеріне қарай аз уақыттың ішінде сапалы гүл ашқан раушан гүлін жинауды болжау мүмкін емес. Мұнымен қоса, сенбі күндері қажетті сертификаттарды алу мүмкін емес. Осы жағдай сатып алушыға қажетті партияны дайындауда қиындық тудырады және гүлді экспорттауды да күрденелдіре түседі», – дейді Наталья Нам.

Кәсіпкер кедендік шекарада қойылатын карантиндік және фитосанитарлық талаптар туралы ережеге енгізілген өзгертулер жайлы ақпарат экспорттаушыларға уақытында жетпейді және жалпыға ортақ дереккөздерінде жарияланбайтындығына назар аударды.

ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекциясы комитетінің өңірлік кәсіпкерлер палатасына жолдаған ресми хатында тексеру, сертификат беру мерзімін азайту биыл күшіне енген нормативтік құжаттарда (Бірыңғай карантиндік фитосанитарлық талаптар, Карантиндік нысандардың бірыңғай тізімі, өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің біріңғай ережесі мен нормалары), сондай-ақ Өсімдіктер карантині туралы» заңмен реттелген.

«Өнімді кедендік шекарада жеткізу кезінде оның тізімін шектеу – қажетті талап. Тамақ, саңырауқұлақ, дәнді дақылдар мен тағы басқа жа өнімдерге қатысты түсініктік жағдай. Бірақ, озық технологиялармен және өндірістік жоғары жабдықпен қамтамасыз етілген бірінші сұрыпты гүл өнімі үшін рұқсат етуге болады ғой. Өкілетті органның құзырында – өңірдегі гүл өнімін экспорттайтын жалғыз кәсіпорынға жағдай жасап, отандық өндірушіге қолдау көрсету де бар», – деп санайды Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Валентина Геращенко.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер