«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Агрофирма TNK» ЖШС «Ұлы дала елі» байқауына жеңімпаз атануға ниетті

2017 жылғы 14 Қараша
- Ақмола облысы
9467 просмотров

Ақмола облысындағы аграрлық кәсіпкорын «Ұлы дала елі» шатырлы брендін пайдалану құқығын беретін байқауға қатысып отыр

9 қарашада шатырлы брендті беретін байқаудың қорытынды кезеңі басталды. Бұл кезеңде еліміздің әр тұрғыны отандық үздік экспорттаушы кәсіпорынға дауыс бере алады.

Жалпыұлттық дауыс беруге еліміздегі 7 үздік компания шығарылды. Ақмола облысының атынан «Агрофирма TNK» ЖШС бар. Еске салсақ, агрофирма «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауында «Үздік азық-түлік тауары» аталымында жеңімпаз болды.

«Агрофирма TNK» ЖШС азық-түлік портфелінің негізінде дақылды өнімдер, ұн, кебек, мәйекті қатты ірімшік, қышқыл сүтті өнім, шұжық өнімдері, ет консервілері, еттен жеңсік ас пен жартылай дайындалған өнімдер шығарады. Кәсіпорын ұнмен қоса, асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. Биыл ірі қара мал, жылқы мен қойдың басы 8500-ге жетті.

Компания өнімдері дайындалғанда тек табиғи шикізат қолданылады, «Жақсы» сауда маркасымен шығарылады. 2015 жылы кәсіпорын өз брендін танытуды қолға алып, тұтынушылармен тікелей жұмыс істеді. Компанияның иелігінде 200 мың гектардан астам егіс алқабы бар.

Топқа кіретін нан қабылдайтын кәсіпорын ТМД елдері арасындағы ең ірі дайындаушы кәсіпорынның бірі ретінде ресми түрде мойындалды. Қазақстандағы ұн өндірісінің 70% компанияның ұн тарту кешенінде өндіріледі. Қышқыл сүтті өнім дайындау да игерілді. Сүт-тауарлық ферманың қуаттылығы – тәулігіне табиғи сүттен 20 тоннаға дейін дайындалады. 2015 жылдың соңында компания өнімі етті қайта өңдеу өнімімен толықты.

2017 жылдың соңында Қазақстанда баламасчы жоқ, 400 грамнан бастап одан да жоғары салмақта қаптама жасау цехы іске қосылады. Сонымен қатар компания ауысымына 500 тонна қайта өңдеу қуаттылығы бар ұн тарту кешенінің жобасын қолға алды. Мұнымен қоса, 3 өндірістің желісімен макарон фабрикасын іске қосу да жоспарланған.

Еске салсақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екінші жыл қатарынан «Ұлы дала елі» шатырлы бренін пайдалану құқығын беретін байқауды өткізіп келеді. Байқауға өндірумен және/немесе отандық тауардың (қызмет) экспортымен айналысатын жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар қатысады.

Байқаудың 3 жеңімпазын анықтайтын онлайн-дауыс беру 2017 жылдың 19 қарашасына дейін жалғасады. Ал дауыс берудің қорытындысы мен жеңімпаздарды марапаттау 2017 жылдың 6 желтоқсанында өтеді.  Салтанатты жиынға Елбасы Н.Ә.Назарбаев қатысады.

«Біз ақмолалық компанияға қолдау көрсетуге шақырамыз. Компания жоғары технологиялық өндірісті қолға алып, «ауылдан – дастарханға» қағидасын ұстанып, табиғи өнім дайындайды, ел экономикасының дамуына үлес қосып келеді», - дейді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Марат Алтынбеков.

Ақмолалық  «Агрофирма TNK» ЖШС сілтеме арқылы дауыс беруге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер