«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жақсы ауылында жаңа монша ашылады

2018 жылғы 19 Мамыр
- Ақмола облысы
6065 просмотров

Жақсыдағы Кәсіпкерлерді қолдау орталығы жергілікті кәсіпкерге бизнесін кеңейтуге көмектесті

Александр Радомскийдің Кәсіпкерлерді қолдау көрсету орталығына келмес бұрын бір моншасы болған. Кәсіпкер бизнесін кеңейтпек болды, оның айтуынша бұл қызмет түріне ауылда сұраныс артып отыр.

«Менің монша кешенім 5 жыл бойына жұмыс істеп жатыр. Тәп-тәуір клиент базасы қалыптасты. Енді кәсіпті кеңейтпек ойым бар, өйткені қажеттілік артып тұр. Осы мақсатпен Кәсіпкерлерді қолдау орталығына өтінім жасадым, мұнда маған «Бизнес-Кеңесші» оқуынан өтуді ұсынды», – деді  кәсіпкер.

Айта кетелік, «Бизнес-Кеңесші» бастауыш кәсіпкерлер мен жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге арналған қысқа мерзімді оқу курсы. Жедел оқу курсы барысында тыңдаушылар жеке кәсіп ашу, маркетинг негіздерін игеру, адам ресурстарын басқару, бизнесті жүргізудегі заң негіздері және т.б. меңгереді. Оқу аяқталысымен «Бизнес-Кеңесші» курсын бітірді деген сертификаттар беріледі, бұл сертификат гранттық қаржыландыру және даму институттарының несиелері бойынша кепілдік алуға мүмкіндік береді.

 Бастапқыда Александр Кәсіпкерлерді қолдау орталығы мамандарының кеңесімен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша несие алуға өтініш берді. Алайда өтінім қабылданбады, өйткені бұл бағыттағы қаржыландыру негізінен мал шаруашылығына және көктемдік дала жұмыстарына бағытталады.

«Осы кезде біз Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорына жүгініп, осы жобаны қолдауды өтіндік. Қорда «Кәсіпкер» атты бағдарлама жұмыс істейді. Бұл бағдарлама ауылда кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға несие алуға мүмкіндік береді. Бизнес түрлері шектеусіз қаралады», – деді ӨКП Жақсы ауданы бойынша филиалының директоры Әсел Құсайынова.

Барлық қажетті құжаттарды реттеу, мүлікті заңдастыру және басқа да процедураларды реттеуге үш ай уақыт кетті. Нәтижесінде кәсіпкер шамамен 8 млн теңге көлемінде қаржы алды. Қаражат құрылыс материалдары мен құрылыс жұмыстарын төлеуге жұмсалды.  

 Жаңа кешен аяқталып қалды. Александр Радомскийдің айтуынша, жаңа монша кешенін ашу келесі айға жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер