«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды облысының Іскер әйелдер кеңесі «Жүректен жүрекке» акциясын қолға алды

2018 жылғы 13 Маусым
- Қарағанды облысы
19703 просмотров

Жақсылыққа бастаған кішігірім істер ауқымды жобаларға қалай айналады, идеялар мен бастамаларды қалай жүзеге асыруға болады?

Өңіріміздің іскер әйелдері бұл сұрақтың жауабын біледі. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған орай Қарағанды облысы Іскер әйелдер кеңесі «Жүректен жүрекке» атты акцияның іске асқаны жайында хабарлады. Жоба жүзеге асып жатыр әрі өңірдің бірнеше қалаларын қамтып та үлгерді.

Акция Теміртау қаласынан бастау алды. Онда Іскер әйелдер кеңесінің бастамасын қала әкімдігі және Тұңғыш Президент атындағы тарихи-мәдени орталығы қолдады.

 Барлығы бірігіп, қайырымдылық концертін ұйымдастырды, жетілуде ерекше қажеттіліктері бар балалар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арнап тәттілер мен кәдесыйлар таратылды.

 «Жария етілген акция қайырымдылық мәнге ие. Акция бір балаға әрі тұтас отбасы, балалар үйі, ұйымға арнап та ұйымдастырылуы мүмкін. Басты мисссия – нақты көмек пен қолдау көрсету. Осылайша акциямен бүкіл өңірді қамтымақ ойымыз бар. Сондықтан қолында жүрегі бар періште-әйел бейнесіндегі акцияның нышанын жасадық», – деді Қарағанды облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанаргүл Күлмағамбетова.

 Аталған акция шын мәнінде қолдаушылар мен ниеттес адамдарды тапты. «Жүректен жүрекке» акциясы эстафетасын жергілікті Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы жетекшілігімен Жаңаарқа ауданы алды.

  11 маусым күні Жаңарқада ерекше қажеттлігі бар 3 баланы қолдау мақсатында қайырымдылық концерт ұйымдастырылды. Концерт жергілікті шығармашылық топтар мен ерекше балалардың күшімен ұйымдастырылды, сонымен қатар осы белсенді жастар қолөнер көрмесін де өткізді.

 «Жүректен жүрекке» акциясы арқасында 200 мың теңге қаражат жиналды. Бұл қаржы екі отбасыға бөлінді. Олардың бірі – 4 жасар Аида жүрек ауруы бар, оған Киев қаласында 7 ота жасалуы керек. Екінші отбасында екі бала сал ауруына шалдыққан. Қайырымдылық концертіміздің берер пайдасы көп емес, алайда оны шын жүректен атқарып жатырмыз. 60 қатысушы мен қонақ балаларға тәттілер мен алғыс хаттар табыстадық», – деді Орынжан Әбілдинова.

 

Жақсылық эстафетасы концерт барысында Қаражал қаласына табысталды. Жуық арада осы жерде де қайырымдылық шара өтеді.

«Біздің жақсылық нышанмыз бүкіл Қарағанды облысын аралап, желтоқсан айында Қарағанды қаласына қайтып келеді. Ең соңында дүбірлі қайырымдылық концертін өткізу жоспарланған», – деді Жанаргүл Жұмабаева.

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер