«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

 «Атамекен» ҚР ҰКП V Съезінің қорытындысына арналған брифинг өтті

2018 жылғы 29 Маусым
- Ақмола облысы
5980 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында басшылар мен облыстық, қалалық газеттердің бас редакторлары, республикалық және өңірлік телеарналар, баспа басылымдарының меншікті тілшілерінің қатысуымен брифинг ұйымдастырылды.

Мәселелерді талқыламас бұрын, ӨКП директоры Тимур Нақыпбеков журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтаап, ізгі тілегін білдірді.

Сонымен қатар «Атамекен» ҚР ҰКП VСъезінің қорытындысы туралы баяндай келе, Ұлттық палата таяу келешекте басшылыққа алатын негізгі жағдаймен бөлісті. «Атамекен» бизнеске өндірісті жергіліктендіру және жаңғырту, жаңа өндірісті игеру, жұмыс орны санын арттыру, экспорт көлемін ұлғайту және салық аударымын көбейту міндеттемесін бекітті. Бұл ұсыныс «Атамекеннің» алдағы 5 жылдағы стратегиясына енеді. Оған 10 басым міндет жатады: бизнес құқығын қорғау, бизнес-ортаны жақсарту, арзан несие, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту, жаппай кәсіпкерлік.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының заңгерлері жүргізген жұмыс нәтижесінде кәсіпкерлердің 111,3 млрд теңгеден астам сомада мүліктік құқығы қорғалды. Бұған алынып тасталған айыппұл, өсімпұл, мемлекеттік органдар қайтарған қаражат, сондай-ақ бизнестің сақталған мүлкінің құны жатады.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының нәтижелі де тиімді жобаларының бірі – жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды кәсіпкерлік негізіне оқытатын «Бастау» жобасы. 2017 жылы 15 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат оқытылды. 8 мыңнан астамы бизнес-жобаларын қорғады, 3314 қатысушы бизнес ашты және ұлғайтты, 10 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.

Ақмола облысында «Бастау» пилоттық жобасының аясында Атбасар, Бұланды, Зеренді, Ерейментау, Шортанды аудандарынан 2017 жылы 938 адам білім алды. 248 адам жобаны жүзеге асырып, 156 адам жалпы сомасы 507 млн теңгеге қаржы алды.

Биыл 1927 азамат оқытылады. Кемінде 385 жоба жүзеге асады деп эоспарланған. Бүгінде 507 адам білім алып, 403-і жобаларын қорғады. Екінші лекте 346 азамат оқытылады деп күтіледі.

БАҚ өкілдері «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысты сауалдарын қойды. Бүгінде өңірде «Алтын сапа» байқауына қатысуға өтінім берген 11 кәсіпкерден http://altynsapa.kz сайтына 17 кәсіпорын тіркелген.

«Қазақстанның үзік тауары» өңірлік көрме-байқауына 20 өтінім түскен. Байқау аясында «Ақмола өнімдері» жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы» ерекше іс-шараға айналды. Байқауға қатысу арқылы өндірілетін өнім таныстырылады. Тауар өндірушілерді дамыту ел экономикасына оң әсер етеді. Осы шарға белсенді қатысуға шақырамын. «Ақмола өнімдері» деген атаумен жәрмеңке ұйымдастырылады. Көкшетау қаласында 28 маусымда өтпек. Бірлесе күш сала отырып байқаудың танымалдылығын арттыратынымызға сенем», – деп, Тимур Нақыпбеков журналистерді ынтмақтастыққа шақырды.

Іс-шара соңында қатысушылар бірлесіп жұмыс істеуге, осындай кездесулерді тұрақты өткізуге келісті.

«Осындай серіктестік қажет екенін жақсы түсінеміз. «Атамекен» 5 жыл ішінде алдыңғы орындағы диалог алаңына айналды, мәселені көтеріп, шеше алатын деңгейге жетті. Пікір алмасу, тәжірибе бөлісуде кез келген алаңды қолдануға болады. Бүгін бас қосып, ақпараттық себеп, жаңа жанасу нүктелерін таптық», – деп атап өтті «Арқа ажары» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Жабал Ерғалиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер