«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Сапа Су» – үздік кәсіпорын атануға лайық

2018 жылғы 29 Тамыз
- Ақмола облысы
6290 просмотров

 «Сапа Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестік – үш жыл бұрын құрылған жас кәсіпорын. Компания темір бетон өнмідерін, атап айтқанд темірбетонды қысымсыз кең ауызды құбырларды өндіреді.

Целиноград ауданы Қосшы ауылында  орналасқан кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 300 куб метр технологиялық бетон, 100 куб метр тауар бетон және күніне 400 темір бетон бұйымдарын шығарудан тұрады. Өнім шығару технологиясы «Сапа Су» ЖШС-ның Қазақстан нарығы үшін бірегей деп айтуға болады. Зауыт ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын алу байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауында жаңа өнім түрін ұсынбақ.

 «Кәсіпорын биыл Көкшетауда өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында жеңіске жетті. Республикалық деңгейде де танылуға үміттенеміз. Қазіргі таңда Астанада зауыт шығаратын өнім қолданыс тапқан. Құбырлар «EXPO-2017» инженерлік желілерде, Қабанбай даңғылы бойында инженерлік желілерде, Кіші Талдыкөл көлінің деңгейін реттеуге пайдаланылған. Біздің өнім сондай-ақ, елорда кәріз жүйесінде де пайдаға асты. Сонымен қатар өнімді Қазақстанның өзге өңірлері – Көкшетау, Қарағанды, Алматы облысында жеткіземіз. Көрмеде көптеген құрылыс түрлерінде кеңінен қолданылатын  өнімдердерді ұсынамыз», – деді зауыттың өндірістік-техникалық бөлімінің инженері Үміт Байғабылова.

 Компанияда жеке сынама зертхана жұмыс істейді, онда техникалық сарапшылар инертті материалды іріктеп алуды жүзеге асырады, стандарттарға сәйкестігі үшін дайын өнімнің сапасын тексереді, физика-механикалық және физика-химиялық қасиеттердің орындалуын бақылайды.

 Темір бетон бұйымдар қатты бетон қоспасынан вибропресстеу технологиясын қолданыумен жасалады. Осындай құрамда өнім жоғары техникалық сипаттамаға, атап айтқанда ұзақ пайдалану мерзімге ие. Мұндай өнімнің жарамдылық мерзімі шамамен 100 жылды құрайды.

 Компания жоспары – ары қарай даму. Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау аясында компания көмек алды.

 «Кәсіпорын ары қарайғы дамуға мұқтаж. Айналым қаражатын арттыру мақсатында несие қажет болды. Ал жеңілдетілген несие алу үшін бизнес-жоспар құру керек. Оны құруға Палата мамандары көмектесті. Өтінім қабылданып, Қайта құру және даму банкінде қаралымда жатыр. Жоспар бойынша 150 млн теңге несиеге алмақпыз. Осылайша жаңа деңгейге шығу көзделіп отыр», – Үміт Байғабылова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер