«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Сәрсенбаев өндірген өнім сұраныста

2018 жылғы 26 Қазан
- Ақмола облысы
14027 просмотров

Атбасар ауданы Пакровка ауылының тұрғыны Тимур Сәрсенбаевты мақсатын айқын білетін, соған міндетті түрде қол жеткізетін адамдар қатарына жатқыуға болады.

Тимурдың мамандығы – агроном. Оқуды аяқтаған соң, жас маман туған ауылға барып, жұмыс істеуді жоспарлады. Алайда дипломы бар маманға жұмыс табылмады. Жұмыстың болмауы жеке кәсіпті ашуға себеп болды. Тимур шаруашылықта әкесіне көмектесіп, тракторды тізгіндеді.

 «Отбасы мүшелерінің бәрі шаруашылыққа жұмылды. Әкеміз әрқайсымызға жұмыс тауып беретін. Ер балалар егістікте еңбектендік, әкпелерім анамызға көмектесті. Ауылда ақ жүгері, эспарцет, ноқат, түйежонышқа түрлерін еккен алғашқы шаруашылықтардың бірі болдық. Бізге қарап, өзге шаруалар да осы мәдени өсімдіктерді еге бастады. Қолында дипломы бар маман ретінде мен бидай отырғызуды қолға алғым келді, алайда егістік алқаптарымыз жоқ. Сондықтан мал шаруашылығын жүргізіп отырмыз», – деді Тимур.

Бастауыш кәсіпкер үшін дамыудың келесі кезеңі – Кәсіпкерлер палатасымен танысу болды. Тимур Сәрсенбаев 2017 жылы ӨКП-нің Атбасар аудынындағы филиалына барып, мемлекеттік қолдау бағдарламаларымен жақын танысты. «Бастау» жобасына қатысты.

  «Бордақылау мақсатында жас ірі қара сатып алу» жобасын қорғаған кәсіпкер несиелеуге құжаттарын тапсырды. 3 млн теңге көлеміндегі қаражатты кәсіпкер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы алды.

 «Осылайша мен 14 бас ірі қара сатып алып, жеке кәсіпті аштым. Жем-шөпті беруді автоматтандырып, екі жұмысшыны жалдадым. Қазіргі таңда қожалықта 36 бас ірі қара бар. Келешешекте өсімдік шаруашылығын қолға аласам деген жоспар бар.  Сондай-ақ, «Жасыл энергетика» мүмкіндіктері қызықтырады, осы тақырыпта дипломдық жұмыс қорғаған едім», – деп бөлісті кәсіпкер.

Тимур Сәрсенбаев «Бастау» түлектері мен қатысушылары» форумына қатысып, бүкіл республикадан іріктелген 150 номинант арасында үздік 30 түлектің  қатарына кірді.

 «Сонымен қатар Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқуына қатыстым. «Ақмола өнімдері» жәрмеңкесінде ет өнімдерінен бөлек тәтті балды да әкелдім. Жәрмеіке қонақтары біз өндірген өнімді бірден сыпырып әкетті» –деді кәсіпкер.  

 Жоғарыда аталған жетістіктер жас кәсіпкердің қоржынындағы жеңістердің бір парасы ғана. Осыған дейін Тимур Сәрсенбаев облыстық байқауға қатысып, жобасы «Үздік стартап» аталымында үшінші орын алды. 2018 жылы Тимур «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған «Жылдың үздік кәсіпкері» байқауына қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер