«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Авторлық құқық міндеттемелері кәсіпкерді әуреге салды

2018 жылғы 13 Қараша
- Ақмола облысы
5351 просмотров

Отандық авторлық қоғамдардың бірі ақмолалық кәсіпкерге үлкен айыппұл салған. Айыппұлдың сомасы негізгі қарыздың құнынан 400 есе асып түскен.

Заң шеңберінде әрекет ететін Атбасар ауданының тұрғыны, кафе иесі Күлтан Сағындықова 2015 жылы авторлық қоғамдардың бірімен жеке кафесінде музыкалық шығармаларды пайдалану бойынша келісімшарт жаса5ан болатын. (Авторлар қоғамының функцияларына авторлардың мүліктік құқықтарын басқару – авторлардың тапсырмасы бойынша, олардың туындыларын пайдалануға рұқсаттар, жиналған сыйақыны жинау, тарату және төлеу құқығы кіреді – ред.)

Келісшартқа сәйкес, кәсіпкер қоғамға ай сайын шамамен 4 мың теңге көлемінде сыйақы төлеуге міндеттелген. Бұған қоса бизнес ханым тоқсан сайын пайдаланған шығармалары туралы есеп тапсыратын. Құжаттарды беру мерзімі бұзылған жағдайда, әр кешіктіру күні үшін  1 АЕК көлемінде өсімақы қарастырылған.

2017 жылдың 16 наурызында бизнес ханым қоғам мекенжайына енді кафеде аталған музыкалық шығармалар пайдаланбайды деген дәйекпен келісімшартты бұзу туралы хабарлама жіберген.

Алайда, белгілі бір себептермен қоғам аталған хабарламаны елемеген. Бір жарым жыл өткен соң ұйым кәсіпкер атына  авторлық шартты бұзғаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды өндіріп алу туралы талап арыз жазған. Талап арызға сәйкес 2017 10 наурыз, 2018 жыл 10 шілдеге дейін кәсіпкердің негізгі қарызы 55 800 мың теңгені, ал өсімақы сомасы 20 млн 700 мың теңгені (!) құраған.

Күлтан Сағындықова көмекке Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасына жүгінеді. ӨКП сарапшылары авторлық қоғамның талап аразына жауап қайтарды және Ақмола облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кәсіпкердің мүддесін қорғады.

Бұдан бөлек Палата заңгерлері дауды шешудің бір жолын ұсынып, медиация тәртібінде авторлық қоғаммен келісімге қол жеткізді.  

 «Жүргізілген жұмыс нәтижесінде авторлық қоғам талап арызын қайтарып алды. Кәсіпкер 55800 теңге көлемінде негізгі қарызын ғана төледі. Ал авторлық қоғамның бастапқы үлкен өсімақыны талап етуін сот қараусыз қалдырды», – деді ӨКП сарапшысы Алтынай Арапова.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер