«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында студенттерге арналған жаңа жатақханалар салынбақ

2019 жылғы 29 Сәуір
- Ақмола облысы
20619 просмотров

Студенттік жатақхналарды салу мен ескілерін жөндеу жұмыстарына жеке инвестициялар тарту мәселелері Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында талқыланды. Кездесуге «Қаржы орталығы» АҚ, облыстық білім беру басқармасы және өңірдің бизнес-қоғмадастығының өкілдері қатысты

 Естеріңізге салсақ, «Атамекен» ҚР ҰКП мен ҚР Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке негізделген арнайы механизмді жүзеге асыруда. Ол үшін нормативтік-құқықтық база бекітіліп, қаржыландыру көлемі анықталған. Жаңа студенттік жатақханаларын салу және ескі ғимараттарды  жатақханаларға реконструкциялау жұмыстарын ЖОО және арнайы орта білім оқу орындарының жеке қаражатына, сонымен қатар жеке инвесторларды тарту арқылы іске асыру жоспарланған. Инвестициялар мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өтелетін болады. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 158 млрд теңге қарастырылған.

 Аталған механизмнің операторы «Қаржы орталығы» АҚ болып бекітілді. Жаңа жатақхананы салу кезінде инвесторға жыл сайын бір жатын-орынға 122 АЕК төлеу қарастырылған, ал ғимаратты жатақханаға келтіру үшін – 47 АЕК қарастырылған. Төлемдер кезеңі – 8 жылды құрайды. Студенттік жатақханаларды салу бағдарламасы 2019-2022 жылдарға жоспарланған.

 «Студенттік жатақханаларды салуды көздеп отырған кәсіпкерлерге жер телімдерін беру, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу түрінде қолдау көрсетіледі. Бұдан бөлек, студенттік жатақханалардың үлгілік жобаларын әзірлеуде көмек көрсетіледі», – деді «Қаржы орталығы» АҚ менеджері Ғалымбек Жақсымбет.  

 Айта кетелік, қазіргі таңда өңірдегі 6 оқу орнының 2700 студенті баспанаға мұқтаж. Атап айтқанда, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Жоғары техникалық колледж, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Ақан сері атындағы Мәдениет колледжі және Біржан сал атындағы Музыка колледжі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер