«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне қалай табыс табуға болатыны айтылды

2019 жылғы 03 Мамыр
- Алматы қаласы
3945 просмотров

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасында «Әлеуметтік кәсіпкерлік және БАҚ-пен тиімді өзара іс-қимыл арқылы үкіметтік емес ұйымдардың кәсібилігін арттыру» тақырыбында семинар өтті

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы және «Алматы қаласының ақпараттық-ресурстық орталығы» ҚҚ, қазіргі кезде орын алып жатқан даму мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында, қоғамдық өкілдерді, үкіметтік емес ұйымдар және жастар бірлестіктерінің басын қосты. Шара барысында «Қазақстан Республикасының Ұлттық кооперативтер қауымдастығы және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандарының» ЗТБ президенті Қазыбек Шайх, әлеуметтік кәсіпкерлік арқылы үкіметтік емес ұйымдар үшін табыс алу мүмкіндіктері туралы шеберлік сабағын өткізді.

«Кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық үкіметтік емес ұйымдар үшін өте тиімді, себебі бүгінде үкіметтік емес ұйымдар кәсіпкерліксіз жұмыс істей алмайды. Біздің елде бұл аса дами қоймаған, бірақ Алматыда пайда болса, бұл тәжірибені бүкіл республика бойынша оңай таратуға болады. Әлеуметтік бизнесті, бизнестің жеке түрі ретінде қарастыруға болады, ол рентабельді болуы және жаңа жұмыс орындарын құрып, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ете алатын мемлекеттен көмек алуы тиіс. Бұл әлемдік тренд. Бүгінде барлық шетелдік қорлар ҮЕҰ-дан грант алу кезінде өздері жеткілікті ұйымдар болуын талап етеді. Өйткені, егер ұйым өзін-өзі қамтамасыз етпесе, тәжірибе көрсеткендей, олар ақша алады, оларды тез «жейді», себебі «аш» және миссияның одан әрі дамуы болмайды. Демек, гранттары бар үкіметтік емес ұйымдар қоғамға пайдасын тигізеді. Ал, гранты жоқ  ұйым дереу әрекет етуін тоқтатады», – деп мәлімдеме жасаған Қазыбек Шайх, үкіметтік емес ұйымдар базасында кооперативті құрудың егжей-тегжейлі схемасы мен қаржылық моделін келтірді.

Журналист, PR-кеңесші Сергей Пономарев БАҚ-пен қарым-қатынасты қалай дұрыс құру керектігін мәлімдеді. Оның айтуынша, баспасөз өкілдерімен кездесуге алдын ала дайындалу керек және сөз сөйлеу кезінде сөздерді дұрыс таңдау  қажеттігін ескертті.

«Журналистер тосыннан күтпеген сұрақтар қоя алады, басқа ресми дерек көздердің ақпаратына сілтеме жасай алады. Мысалы, сіз тек осы салада мойындалған беделіңізді және эксклюзивті ақпараттарыңызды ғана  жинай аласыз. Сондықтан да журналистің көзінше еш босансуға болмайды», – деп үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне Сергей Пономарев кеңес берді.

 

Іс-шара аясында Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерліктің негіздерін дамыту және ілгерілету үшін құрылған www.grantnpo.kz сайттың тұсаукесері өтті. Сайтты пайдаланушылары әлеуметтік кәсіпкерлік саласында өз қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар үшін барлық деңгейдегі конкурстар мен гранттар туралы өзекті ақпараттардан хабардар бола алады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер