«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында Ветеринарлық салада оқыту және қызмет көрсету бойынша екінші орталық ашылды

2019 жылғы 02 Тамыз
- Ақмола облысы
23288 просмотров

Ақмолалық шаруаларға ветеринария саласында заманауи технологиялар және инновацияларға қолжетімділікті қамтамасыз етеді

Ақмола облысында Ветеринарлық салада оқыту және қызмет көрсету жөніндегі екінші орталық ашылды. Жобаны Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және Ақмола облысы сүт өндірушілерінің қауымдастығы жүзеге асырды.

Жылдың басынан бастап Ақмобла облысы Кәсіпкерлер палатасы еуропалық деңгейдегі ветеринарлық қызметтерді енгізу бойынша жобаны сәтті енгізуде. Аталған жоба  «Dairy Global Experts» украиналық сарапшылық компаниясымен бірелсіп іске асуда. Осыған дейін Зеренді ауданындағы «Жақсылық agro» ЖШС базасында ел ауықымында алғашқы ветеринарлық орталық ашылған болатын.

Отандық статистика деректеріне сәйкес, Қазақстанда орташа жылдық сауылған сүт көлемі 4105 келіден аспайды. Әрине, аталған көрсеткіштерді республика бойынша жоғарылатуға ауылшаруашылық өндірісі мүмкіндік беретін компаниялар бар. Алайда, бұл жүйелілігі жоқ,  жай ғана жекелеген фактілер. Аталған пробеламын талдай келе Кәсіпкерлер палатасының сарапшыларынің пікрінше, өнімділікті арттырудағы негізгі тетік – дұрыс агробіліктілік және оны жүйелеу.

 Аталған міндеттерді шешу үшін биыл сәуір айында ӨКП бастамасымен «Dairy Global Experts» украиналық сараптамалық компания мамандарын тарту арқылы Ветеринарлық оқыту және қызмет көрсету жөнінде орталық ашылды. Орталықтың басты мақсаты – сүт өндірісі саласында инновацияларды енгізу және еуропалық деңгейде бірыңғай ветеринарлық сервисті көрсету. Бұл орталықтың құрамына Зеренді ауданының 5 сүтті-тауарлары фермасы енді, фермалардағы жалпы мал саны – 2 мың басты құрайды.

 Украинада дұрыс агробіліктіліктер арқылы 10 жыл ішінде сауылған сүттің орташа жылдық көрсеткіші бір басқа 8600 келіге дейін жеткен.

 «Аралық қорытынды нәтижесі бойынша Ветеринарлық оқыту және қызмет көрсету орталығының үш ай жұмыс істеуінде фермаларда күнделікті жұмысқа бейімделген қажетті ветеринарлық жұмыс циклы енгізілді. Жаңа буынның заманауи диагностикалық құрылғыларымен жануарлардың ауруларын диагностикалау және емдеу бойынша шаралар жүргізілді. Апталық аралықта жұмыстардың технологиялық карталары әзірленді, жануарларды қоректендірудің толық рационы құралды. Фермаларға толық аудит жүргізіліп, фермерлерге өз нишаларында тиімді жұмыс істеуге кедергі келтіретін осал жерлер анықталды.  Ветеринарлық орталықтың жұмыс істеуіндегі түпкі күтілетін нәтиже – кәсіпорындардың табысын арттыру», – деп атап өтті ӨКП директоры Тимур Нақыпбеков.

 Сүт өндірушілерінің қауымдастығы деректері бойынша қарапайым математикалық есептерде фермаларға бір сиырды асырауға тәулігіне орташа 700 теңге кетеді. Осы ретте 10 литр сауылса, табыс 400 теңгеден аспайды (10л*110 тг/л=1100 тг). Ветеринарлық орталық сарапшыларының ұсынымдарын қолдануда  сауынды ұлғайту есебінен табыс тәулігіне 2000 теңгеге өседі (25 л*110 тг/л=2750 тг).

 Ветеринарлық қызметтерге қолжетімділік мәселесі көп фермерлер үшін өзекті. Осыған байланысты қызметті кеңейтіп, екінші Ветеринарлық оқыту және қызмет көрсету жөнінде орталық ашу бойынша шешім қабылданды. Екінші орталық Ақкөл ауданы «Еңбек» ЖШС базасында ашылды. Осында ашылған орталық жақын аудандарда орналасқан сүт фермаларына заманауи деңгейдегі ветеринарлық қызметтерді алуға мүмкіндік береді.

 Келешекте мұндай орталықтар облыстың басқа да аудандарында ашылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер