«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасында алғаш рет «Инвестор сағаты» өтті

2019 жылғы 27 Қараша
- Ақмола облысы
29813 просмотров

«Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев алғаш рет «Инвестор сағатын» өткізіп, кәсіпкерлерді жеке қабылдады

Кездесудің қатысушылары – әлеуетті инвесторлар мен инвестициялық бастамасы бар кәсіпкерлер – өздерінің жобаларын, даму жоспарларын ұсына алды, сонымен қатар өз жобаларын жүзеге асырудағы проблемалық мәселелерді айтты. Іс-шараға, сондай-ақ аудандар, Көкшетау қаласының әкімдері, салалық ведомстволардың өкілдері қатысты.

 Бірден айтып өтелік, бұл кездесу осыған ұқсас форматтардан ерекшеленді, іс-шара бейресми өтті. Аудан әкімдерінің қатысуы кейбір мәселелерді бірден шешуге мүмкіндік берді.

 Жан-жақты қолдауды, соның ішінде өңір басшысының қолдауын алған ерекше жоба – Аршалы ауданында қуаты 100 МВт-дан жоғары жел электр станциясының құрылысы болды. Жобаны «Borey Energo» ЖШС жүзеге асыруда, бұл жобаға қытай инвесторларын тарту көзделген.

 Түркиялық инвесторлар, «Грин Валей» компаниясы облыс аумағында қуаты тәулігіне 200 тонна болатын жасымықты өңдеу зауытын салмақ. Ұсынылған локация орны – Көкшетау қаласы.

 Тағы бір түркиялық өкілдік – «Kusto Energy» ЖШС Макиндік құс фабрикасына және Бурабай ауданындағы «Қаз Биф» ЖШС-на арнап биогаз зауытын салуды жоспарлауда. Компания энергетика саласында жұмыс істейді.

 Тұтастай алғанда, түрлі өңірлерден 20-ға жуық жоба жаңа диалог алаңында таныстырылды. Сонымен қатар туризм, ауыл шаруашылығы, медицина саласында жобалар қаралды.

 «Мұндай кездесулерді тұрақты өткізуді жоспарлап отырмыз. Қызу талқы және кері байланыс түріндегі бұл формат өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында жобаларды іске асыру бойынша инвесторлардың проблемалық мәселелерін нақты және тиімді шешуге мүмкіндік береді», – деді Ермек Маржықпаев.

 Кездесу қорытындысы бойынша әр кәсіпорынның мәселесін шешу мақсатында Жол картасын құру жөнінде шешім қабылданды.

 «Облыс әкімі осындай кездесулерді «Business time» – «Бизнес уақыт» форматында «Атамекен» ӨКП алаңында әр ай сайын өткізу бастамасын қолдады. Келесі тақырып – АӨК. Уақыты мен күнін  кейінірек хабарлаймыз. Бұл формат мәселелерді шешуде тиімді деп санаймыз», – деді ӨКП директоры Тимур Нақыпбеков.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер