«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмолалық шаруалар 4 ай бойы есептік нөмірлерді ала алмай келген

2020 жылғы 05 Наурыз
- Ақмола облысы
36337 просмотров

Жуырда Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ақмолалық шаруалардың мәселесі қаралды. Ауқымды талқылауға мемлекеттік органдардың ауылшаруашылығы өндірісі объектілеріне есептік нөмірлерді беруден бас тартуы салынды

 Өңірдегі үш кәсіпорын (Целиноград ауданындағы «Ай-барыс» шаруа қожалығы, Аршалы ауданындағы «Jardin Farm» ЖШС, Ақкөл ауданындағы «Ауыл бірлестігіне көмек» ЖШС) Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Есептік нөмір қызмет түрі және мал өсіру, сату, мал сою, ет сақтау, өңдеумен айналысатын  өндіріс объектісінің нөмірін қамтитын кодтан тұрады. Бұл нөмір, сондай-ақ, ветеринарлық препараттарды, жем-шөп, жемдік қоспаларды сақтау және сатумен айналысатын ұйымдарға беріледі.

 Осыған дейін нөмірлерді облыстық ветеринария басқармасы берген. Алайда өткен жылдың соңында шаруалар мемлекеттік органнан есептік нөмірді беруге қатысты бас тартуына тап болған. Заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес бұл функциялар жергілікті атқарушы органдарынан алынып, ветеринария саласында аумақтық өкілетті органның құзыретіне (Ауыл шаруашылығы Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті) берілген.

 Алайда ветеринарлық бақылаудың аумақтық инспекциясы да нормативтік-құқықтық актілердің болмауын сылтаулап, осы қызметтерді көрсетуге асықпады. Олардың қолы байлаулы екені туралы кездесу барысында облыстық ветеринария басқармасының жетекшісі Базарбай Булашев айтты. Ауыл шаруашылығы екі түрлі түсіндіруді таратуда.  «Jardin Farms» ЖШС өкілінің сұратымына Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселе жергілікті атқарушы органдарда деп жауап берді. Ал Құқық статистика және арнайы есептер комиетіне аталған ведомство бұл нөмірлерді жергілікті атқарушы орғандары бере алмайды деп рапорт жасаған.

 Ең қызығы, бұл түсінбеушілік жағдай 4 айға созылған. Осы уақыт ішінде түсініксіз жағдайда қалған шаруалар шенеуніктердің шешімін төзіммен күткен.

 «Барлық нормативтік-құқықтық құжаттарды бекітуге тағы екі ай кетеді. Есептік номірлерді функциясы жергілікті атқарушы органдарға берілген. Сонымен қатар «Құқықтық актілер утралы» Заңның 11-бабында қосымша нормативтік-құқықтық актіні қабыладауға тиісті қарым-қатынасты реттейтін НҚА жұмыс істейді. Яғни, Ақмола облысының ветеринария басқармасында шот нөмірін ұсынбауға негіз жоқ», – деді ӨКП директорының орынбасары Гүлден Хаметова.

 Биыл 6 ақпанда мал шаруашылығын субсидиялау бойынша құжаттарды қабылдау басталды. Ал есептік нөмірді беруден бас тарту субсидия ала алмауға әкеп соғады. Өйткен субсидия алуда есептік нөмір сұралады.

Облыс прокурорының орынбасары Владимир Малаховты қоса алғанда кездесуге қатысушылар ветеринария басқармасына «күту режимін» жоғарып, жуық арада осы мәселені шешуді ұсынды.

 Жақында Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінен НҚА күшіне енгенге дейін есептік нөмірлерді ветеринарлық бақылаудың аумақтық инспекциясы береді деген жауап келді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер